Ескі архив · 16.06.2012 20:48

Джазды сүйетін сұлу қыз

Маңғышлақ-Алматы пойызына әдетімше сөмкемді арқалап отыра берген бойда, корридорда тұтқаға сүйеніп терезеге қарап, бір аяғын көтеріп тұрған бір сұлуды байқадым. Әп-әдемі. Терісінің мінсіздігі, қою қара шашы… тұра тұрыңдар, мені байқаған сияқты — көзінің қиығымен қарады. Қолында кітабы бар, сыртында «Одиннадцать Минут» деп тұр екен. Оқығанды сүйетін қыз болса керек. Оның үстіне Пауло Коэльо… Кемінде «мәмбет қыз» емес. Басымды изедім де жақындадым. — Сәлем, бір купеде болатын сияқтымыз — Солай ма, қайда барасыз сіз? — деді ұяң қылықты сұлу қыз. — Мен Жаңақорғаннан түсемін. — Қожа емессіз бе? — Метиспін. Негізі көп ұлттар бар қанымда. Арғы атам Патша кезіндегі ағылшын инвесторларынан, ал нағашы әжем француз. Нағашы атам Лионға болшевиктерден қашып, тығылып жүргенде әжемді кезіктірген екен. Ал сіздің кітабыңыз қызық па? — Пауло Коэльоныкі қызық болмай қоя ма. Бір жихангез жігіттің ерлікке толы өмірін баяндайды. Сәл баналды сюжет енді. — Ия, оқыған сияқтымын. Аяғында жігіт ақыры өліп қалатын емес пе? — Ие, ие дәл өзі. Сіз де кітаптарға қызығасыз ба? Содан сөйлесе кеттік, ішкі әлемі бай қыз ба дедім. Ішімнен, бүкіл дене мүшелерім, жан тәнім қозып, рухани бітіріп қоя жаздап отырмын. Ортақ әңгімеміз көп екен, лібә-ә-ә Муракамиден «цитата» келтірді, ох епта мынау «промискуитет» деген сөзді біледі екен, не дейд-не дейд: «Война и Мир»?? Кастаньеда дей ме? А? Тоқташ-тоқташ, жаңа ғана не дедің? «Йога мен Каланетикадан қол тигенде» аха «пилатеспен айналысам» дедің бе? Уф-уф… мә-ә-ә, жігіттер, мен ғашық болған сияқтымын. — «Не тыңдап отырсың Қайрат Түнтеков па?» -дедім, мұрнымды тыржитып. — «Жоқ, аудиокурс неміс тілінен, ал былай Джазды тыңдағанды жақсы көрем». — «Ох, керемет, рас па, ғажап, сөзім жоқ! Әкеліңізші қолыңызды бал ашып жіберейін!» — Мәссаған, сіз бал ашу білесіз бе? — Хиромантиядан аздап хабарым бар енді. — Қандай керемет!!! Ал адамның бетіне қарап мінезін айта аласыз ба? — Әрине, сіздің тік, нәзік мойныңыз мінезіңіздің тірілігін білдіреді, ал қара қалың шаштарыңыз өжеттілігіңізді, өтірікті жек көретініңізді білдіреді. Тұңғиықтай терең көздеріңіз рухани байлығыңдызды білдіреді. Ұшы дөңгеленген әдемі мұрныңыз өзіңізге ұнаған адамдармен тіл табыса алатыныңызды білдіреді. Сізге шашыңызды артқа жинап қойған жарасады екен! — дедім де мойнынан иіскедім. — Данышпансыз ғой, ағай!!! — көздерінің оты жана кетті. — Сіз де осал емессіз! — қолым белінен қысты. — Ох, мамма-мия, недеген шалт едіңіз мен сіздікпін!!! — Ах! Итальянша да білетін бе едіңіз!? Мен де сіздікпін!!! *** Бірақ пойыз Маңғышлақтан Жаңақорғанға екі күн, екі түн жүреді ғой. Екінші күні тіпті қызық болды. Күні бойы әлдебіреулер кіріп-шығып, дұрыс сөйлесе алмадым. Біртүрлі майысып, кешегі тентектіктен көзіме қарауға ұялыңқырап жүрді өзі де. Ақыры, болған іс болды, кешке қарай өзім төтесінен бастадым әңгімені. — Бойжеткен, атыңызды да сұрамаппын ау! — Шырайлым, ал сіздікі ше? — Қиқожамын мен. Алдымдағы Сұлтанқожа ағам шетінеп кеткен, содан көз өтпесін деген ырыммен арғы атама ұқсатып "Қиқожа" деп қойды. Атам білдей бір мешітке имам болған кісі. — Хехе, кеше «арғы атам ағылшын» деген сияқты едіңіз, қуаныштымын. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым кеше, мүмкін артық кеткен шығармын. — О не дегеніңіз, бикеш! Тек менің бір сұрағым ғана бар сізге: Немісшені қанша болды үйреніп жатқаныңызға? — Жай сұрадыңыз ба? — Кеше түнде «Гутен Нахт» десем, "Өзің кетнақ" дегеніңіз не? — А-аа, французша кеше бастағам оқуды. — Мен французша емес немісше айттым ғой! — Тіпуй, немісше дегенім ғой, көп тіл білген қиын, шатастырып ала берем. — Мен де мойындағым кеп отыр, Муракамиді оқыған жоқпын! — Рас па? Қойыңызшы, мен де бір жерден естігенімді айта салғам негізі! — Толстой ще? «Промискуитет», Карлос ше? — Ағаммен сканворд толтырып отырғанда есімде қап қойыпты. — Хехе, ал мен тек Пьер Безухов пен Поручик Ржевский туралы анекдоттарды білем. — Ал мен тіпті оларды да білмеймін, тек кеше өтірік күліп отырдым. — Йогадан «Лотос Позасын» ғана біледі екем))) — Мен де сол ғой, Қиқожа-ау Каланетикаға шақырған жарқағазды автобустан көргем. Бірақ, енді менің бетіме қарап мінезімді қайдан білдіңіз? — Физиогномика дейді оны хахаха! — Ия, сол Физиогномикаңыз тура шықты ғой!? — Кинодан көріп алғаным ғо! «Сайтанның Адвокатын» көріп пе ең? — Жоқ! — Көтің боқ! Джазды жақсы көрем дейді ғой тағы… — Мен шынымен жақсы көрем, джазды Қиқожа… жатқа айтып берейін сенбесең: м-на-на-на… Жаздың соңы, жапырақтар на-на-на. Ал жапырақ – адамдардың тағдыры-ы-ы…
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту