Саудагер 3: Тәубе
«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім. © Satibaldi
Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…
— Апай, саламатсыз, анау күнтізбелеріңіз қаншадан? — дедім.
«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.
— 15 теңге, нешеуі керек?
Бұрын сауда бөлімінің бастығы айтушы еді, «мықты саудагер тек тауарды сатпайды, сүйкімін сатады» деп. Әрине, бүгінде «календарик» ешкімге керек емес шығар, алайда біз оның керектігін клиентке дәлелдеуге тырысамыз".
Осындай оймен мен он бес теңгелік 20 күнтізбені сатып алдым.
Таңдап-таңдап.
Бұл саған көтерме сауда емес бір жылдық келісімшартқа қол қоя салатын. Бағасын да 50 теңге етіп алдын ала өзімнің ұятыммен келісіп алдым. «Аяқ пұлым қымбат емес пе?»— деп өзімнен сұра та көрдім. Қымбат емес сияқты. Көшенің бір басынан екінші басына жаяулатып әр мінезді адамға жақындап, сүйкіміңді далаға шашу оңай дейсіңдер ме?
Ал тәуекел, кеттік. Мыналар алады, ішім сезеді. Екі орыс қыз. Жырқылдасып қояд. Романтикалық көңіл күй, шариктері бар.
— Сәлем! Көңіл күйі жақсы ма?
— Сәлем! Керемет!
Қырт-да-шырт, әмпай-жәмпай, ақыры жұмбақ жасырып, ойын түрінде ұсынып көрдім
— Қыздары, бәрі жақсы, керемет, әдемі жайдары екенсіздер, бірақ мен кетуім керек, кетпес бұрын сіздерге мына екі күнтізбенің біреуін таңдауыңызды өтінемін. Елу теңгеге сатып алыңыз да, сізге сөз салатын жігіттің жұлдызын біліңіз!" -дегенге ұқсайтын сандырақты басып жатырмын.
Вуаля…
Екі қыз екі күнтізбені алып, бір-біріне «Ой, қарашы, маған „бұзау“ шығыпты… Мә, точно, мынау деген Рома ғой! Хах-хаха, умора… ваще, сенікі қандай, „Таразы“ нифигасе, а ол кім еді? О-о-о, демек басқа біреу болғаны...» деп мәз майрам.
Әнеки тағы екі апай. Тәк, қазақы апайлар. Бұл жерде бөлек айла жүреді. Кеттік.
— Саламатсыз, апай, сізді тек екі секундқа мазалайыншы. Мынау өмірде тілеулес деген жақсы ғой, тілеулестің азынан көбі жақсы, мына екі күнтізбе болғаны елу-ақ теңгеден екеуі жүз, жүзіңізден күлкі кетпесін, ала қойыңыз, сыртындағы жолбарыстар сізді жолға шыққанда тілеуіңізді тілеп жүрсін.
— Ой, балам біз қайтеміз оны? Зада, саған керек пе?
— Апай, менің қолым сатқан күнтізбе тура да, ауыспалы мағынасында да тегін емес, оның үстіне қазақ атам "өңіңде мысық жақсы, түсіңде жылан жақсы" дейді ғой. Мынау жақсы ырым, әсіресе жолға қарсы шыға қалғаны мына жолбарыстың.
Апайлар бір-біріне қарап, «Уебай, мынау қызық болды, мә екеуін бер құрсын,» деді.
Сау болыңыз, жолдарыңыз ашық болсын!
Бүйткен өміріне сиейінші. Қайыршы сігән қалай сезінетінін қайдам, ал мен өзімді нашар сезіндім. Құсқым келді. Демімді алып алайщ. Құрысын не боп кетті мынау дүние, ештеме де емес 200 теңге, әлі 16 күнтізбе бар.
Желілік маркетинг шабармандарының салақтаған тілі далада қалды. Әрі шаптым, бері шаптым. Қарын да ашып барады. Қарын ашқан сайын, бәріне жақсы көңіл күйін сыйлайтын көңілді Жаяу Мұсаның рөлін сомдау да қиындап барады. Ал түрің бұзылды ма бірден наққа кетеді екенсің.
«Күле білмейтін адам сатушы бола алмайды.»
Бас-аяғы екі сағатқа жетер жетпес жүгірістен әбден аяғым болдырырып, азар дегенде 20-сыншы күнтізбемді саттым. Қалтам автобустағы кондуктордың қалтасындай елу теңгелікке лық толды.
Санасам, мың теңгеге 30 теңгесі жетпейді екен.
Байқағаным, ең жайдары көңілді сатып алушылар романтик жас қыздар мен жас жұптар.
Тіпті кейбір қазақтар қызымен отырғанда… кең ғой шіркін.
— Қане бауырым, бері әкелш көрейін, мә екі жүз теңге ыздачысын бермей-ақ қой екеуін алайын!" — дейді ғой қызының көзінше. Жомарт десе!
Сырты күлгенімен, ішінен бір боқтаса керек.
— «Не басқа жұмыс құрып қалды ма?» — дейді такси жүргізушісі, жаяу сатармандардың түр-түрін көрген.
— "Өй, не керек саған әрі жүр, нақ!" — дейді өзі де журнал сатып тұрған орыс апай. Онда нем бар десейш.
— Мынаусы несі? — дейді жалғыз өзі қабағын түйіп отырған бір ағатай.
— «Бұн нәләм мен?» — дейді масаңдау екінші мұжық.
«Мә, 20 теңге де болады саған, қане әкел күнтізбелеріңді көрейік, майыспағанын бер наху» —дейді бір мәмбет.
«Нақұя қымбат, нақ? Тартып алсам ше?» — дейді әлгі мәмбеттің былайғыда жамбасқа іліп ап, аяғын аспанға қаратып тұрып жерге егіп қоюға ыңғайлы тәштектеу келген «шестеркісі».
Ал кейбірі, «Ашсың ба не? Күніңді көре алмай жүрсің ба?» — деп кемсітіп, әбден өзінің мерейінің үстемдігіне масаттанып, толымсыздығын толықтырып барып, сатып алады.
Тас мүсіннен қайыр сұрап, өзін шыдамдылық пен сабырға баулыған Диогеннің сабағы ойыншық па деймін. Мен іздеген сабырлылық мектебі осы ма еді??
Өзімшілдігіңді белден басып, ащы шындықтың көзіне бетің бүлк етпей қарап, оны сол күйі қабылдау қалай екен?!
Деп тұрғанда:
— Әй, брәчка! Брәчка! Мындакелш сен, мына қапты ұстап анооу машинаға апарып тасташы, сосын календариктеріңді алам" дейді бір қырық жасар орта тап өкілі. Қапты ұстап, машинға апара жатсам, артымнан «Бля, қалай екен еңбектеніп ақша тапқан? Анау бір жапырақ қағазыңды сату емес бұл саған!» деп табалап тұр. Ол да рас.
Ашуланып кеп, қапты машинасының артына салып бердім. "Қане, календарларыңды көрейік сенің!" деді. «Жолың болсын, аға, маған сізден ештеңе керек емес!» дедім. Сасық намысымның оянған кескіні ғой. Теріс бұрылып, жөніме кеттім.
Артымнан "Өй, сен жақсы екенсің, менімен бірге жүр: ана қапты үйге апарып түсірісіп таста, ақыры жақсылық істегіш болсаң, аяғына дейін істе, аахахахаха" деді кекесінді күлкі мен темекісінің түтініне алма кезек булыққан аға.
Иә, тәніме әсері — бір вагон қап тасудан ауыр жұмысы екендігі өз алдына, жаныма әсері — Дзенді танып, үшінші көзім ашылып, денемнің аурасы кеңейгендей болды.
Қасымда киоск болса, бір тиынсыз қалам деп қорықпаймын. Шапқылап жүріп сататын саудагерлерге де енді түсіністікпен қараймын. Тәубеге келдім бе әлде арзан табысқа құнықтым ба? Өзім түсінбей де қалдым.
Жә, бәрін қойшы, 900 теңгеге сатып алған гриль-тауығымның дәмін айтсайшы.
(болған оқиға желісімен.)
