"Ұялшақ мұғалім" жазбасына қосқан ойым
Келесі жазбаға пікір жазбақшы болдым да www.kerekinfo.kz/blog/8901.html жаза бастап едім, тым көп жазып жіберіптім, ойымды жинап жеке жазба қылдым.
Қазір үлкен мен кіші арасында шекара жоғалып барады. Тәрбие өз мақсатына жетпейді. Табиғат берген мысалды қарастырайық. Африка бір елінде азаматтық соғыс барысында үлкен пілдердің көбісі қазаға ұшырайды (мүйіздері үшін). Бейбітшілік орнағаннан кейін бегомоттарға (қазақшасын білмедім) жас ерсек пілдер (айғырлары дейік) әлгі бегомотарға артылып бел омыртқаларын сындырып өлтіре беріпті (жас пілдің салмағына шыдамаған). Ғылымдар пілдердің мұндай әрекетке неге барғанын зерттеп келесі қорытындыға келген көрінеді. Пілдер жанұя құрап, бір-біріне қатысты иерархия сақтайтын жануарлар екен. Жас піл дүниеге келген сәттен бастап пілдер жанұясында тәрбиеленетін көрінеді. Азаматтық соғыс салалысынан пілдер жанұялары бұзылып жетім пілдер пайда болған. Үлкен пілдердің жоқтығынан жас пілдердің ерте пісіп жетіліп «жамасы жетеді ау» деген бегомоттарға артылған. Ренжімеңіздер келесі ойыма. Қазіргі ерте жетілу т.с.с. үлкендердің тәрбиесінің жас ұрпаққа әсері азайып кеткенінен шыққаны қарастырылған мысалдан көрініп тұрған секілді. Бәріміз табиғаттың бөлігіміз. Дәл осы мысал бізге табиғаттың бір бөлігіне орындалатын заңдылық екінші бөлігіне орындалып кете беретінін көрсетіп тұрған секілді. «Толық емес жанұя т.с.с. әулеметтік мәселерге төтеп береміз бе екен?» деген ой -уайымға айналды.
