Ұялшақ мұғалім
Бізге қазақ тілінен беретін мұғаліміміз қаталдау еді жасына қарамай. Талапшыл. Тілдік заңдылық дегендерге, талдау-малдау дегендерге жоқ едім ежелден. Әйтеуір ілініп -салынып төртке, кейде тіпті беске қорытылатынмын. Жазғы демалыс кезі. Жайлаудамын әдеттегідей. Бір күні ағам өзінің достарымен «Походқа» келді біздің жайлауға. Өздері мәз-майрам, біреулері волейбол ойнап, біреулері суға түсіп мәз. Олар жүрген маңайдан әріректе біздің сиырлар жайылып жүрген. Малдардың арасында демалғандары ыңғайсыздау ғой деп, тиыш жатқан сиырларды таудың мына бетіне қарай беттетіп жібермек болдым. Содан тоқетерін айтсам анадай жерде белуардан келетін шөп өз-өзінен қозғалып жатыр. Кішкентай торпақтардың бірін үлкен бұқалар сүзіп жарып тастамады ма екне деген ниетпен желдіріп жетіп барсам…
қазақ тілі мұғалімімнің үстіне ауылдың бір жігіті мініп алған… Обшым, сол 7-ші кластан бері 5ке қорытылдым сол пәннен.Менен мектеп бітіргенімше сабақ сұраған жоқ. Қазір екеуі үйленген 5-6 балалары бар.
