Ескі архив · 16.07.2012 16:47

Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған. Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды. Минустарынан бастайық. Бірінші рет бардым. Сәл қымбаттауға түскен демалыс негізінен көңілден шықты. Қымбаттау және сәл ыңғайсыздау болатыны жаяу барған болатынбыз. Мұндай сапарларға көлікпен барған ыңғайлы болады екен. Таксипұлдың өзі әжептәуір қаражатты талап етеді. Аралайтын жер көп, 2-күн барлығын аралауға жетпеді. Бір күн қонып, ертеңіне шықтық. Алайда қайтар көлікті ойлап ертерек шықтық. Қайтарда таксисттер (адам көп болған соң) адам басына 5000-нан деп бағаны көтеріп жіберді. Адам деген ығы-жығы. Кафелер 11-12-лерде жұмысын тоқтатады екен. Түнгі клубы да 2-лерде есігін тарс жапты. Қонатын үй жағы да біраз мәселелер туғызды. Қымбат. Күндізгі 11-лерде барғанымызбен Түскі 2-лерде ғана үй таптық. Қонақүйлер қымбат. Тәулігіне адам басына 30 000 жобасында. Біз алған 2-бөлмелі үйге 15 000 төледік. Пүлістері. Жетуі: Асцотонадан такси көп (2500 тг. айналасында). Бірақ таңғы 6-50-де электричка жүреді (800 тг. тиындарымен). Қайту жоғарыда айтқанымдай проблема болатындықтан (көлігіңіз жоқ болса) қайтар уақытыңызды білетін болсаңыз немесе дәл сол уақытта қайта аламын ау, оған жігерім жетеді ауу десеңіз — қайтар билетті де ала салыңыз (900 тг. кешкі 18.00-де Щучинскіден). Электричка Щучинскіге барып тоқтайды. Ары қарай аутобыстар 150 тг.-мен Бурабайға алып барады… Табиғат керрремет, таза ауа, жағажай. Магазиндердегі бағалар Асцотононың бағаларымен шамалас. Егер көліксіз барсаңыз — велосипедтер (сағ. 500 тг.), скутерлер (1000 деді ау дим), квадроциклдер (4000 тг.) толып тұр. Жағажайда қайық (1500 тг. 30-мин), катамарандар (бағасын сұрамаппын) көп. Жағажай тегін. Біз түнгі 12-лерде барып таңғы 4.30-дарда қайттық. Адамға лық толы жағажай. Егер бойдақ болсаңыз ойланбай қыз/жігіт табасыз. Анау-мынау ішіп алып мазаны алатындар жоқ (көрмедім). Барлығы сыпайы, тыныш. Егер суға түсемін десеңіздер «Зеленый бор» санаторийінің жағажайына барыңыздар. Суы тазарақ. Бірақ, палатка ма тент па ала бару керек. Шатырлар тұр, бірақ адам көп. Сондықтан күн астында қақталмаудың амалын алдын ала қарастырыңыздар. Доп ойнайтын алаңы, сеткасымен дайын. Допты да ұмытпағайсыздар. Жерге төсейтін қалыңдау бірнәрселер де керек. Шашлықты алайда тек кафелерден жейсіз. Орманда от жаққызбайды. Ал егер сіз тау-орман арасында серуендегенді ұнатсаңыз, онда да таптырмайтын жер. Шырша, аршаның әдемі иісі, керемет табиғат. Егер велосипедпен жүргенді ұнатсаңыз тау велосипедін таңдаңыз. Өйткені, жол жалғыз, тар, ал машина көп. Сондықтан жолсызбен жүру қауіпсіз. Сапарды Абылай ханның тағынан бастап сонан соң Кенесары үңгіріне баруды рекомендеймін (кейбір жерлері тік қия, сондықтан ол жерлерде великті көтеріп жүруге тура келеді). Кейбіреулер гид жалдап тау-таудың арасымен келді жаяулатып. Көп нәрсе көріпті, ескі қалашық та бар екен тау арасында. Алайда тауды тік қиялар арқылы жаяу аралауды жөн көрмегендіктен, әрі 10-жыл темекінің түтініне уланған денсаулығымыз көтермейтінін білгендіктен оны хош көрмедік. Қой, уопшым барыңыздар, әр жексенбі сайын барсаң да жалықпайтын жер екен. Осымен тоқтатайын, Әйтпесе Айқаракөздер «көпәріп» деп оқымай қояр. Ары қарай сурет: коллегалармен хан тағы жанында Кенесары үңгіріне кетіп барамын. Күн ыстық, жол ұзақ… … Басында: «Кенесары Қасымұлы мұрат-мақсатын өз мүддесінен асқақ қойып, сол үшін жанкештілікпен тәуекелге бас тіккен, сол үшін өмірін сарп еткен. Осы белгі ұлы хан бабамыз мекен еткен киелі жерге кейінгі ұрпаққа ұлағат болсын деген ниетпен қойылды» деп жазылған… Үңгір аузы кешке алаулаттық.. жағажай Janasil -дың інісі Ерасыл (коллегамыз) екеуміз Пляждағы қызметтес қыздардың да суреті бар, бірақ оны салмайм
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту