Ескі архив · 10.08.2012 10:55

Сезім ғана өзгермеген...

Алғаш сізді көргенде көктем еді, Бүршік жарып ағаштар көктеп еді. Жүрек сонда сыбырлап еді маған: «Бұдан өзге адамның жоқ керегі». Сізді соңғы көргенде көктем еді, Аспан жасын менімен төккен еді. Өкіндірді мендегі жүрек үні, Сіздік нұрлы жүрекке жетпегені. Одан бері сан жылдар өтті сырғып, Айта берем несіне оны жыр ғып?! Сәбидейін қадамын жаңа басқан, Сүріндік те жығылдық, қайта тұрып. Ұяң мінез оқушы мектептегі, Бұл күндері келмеске кетпеп пе еді. Одан бері сан күзің, қысың да өтіп, Жазың жетіп айнала көктеп те еді. Бәрі өзгеше, тұратын қаламыз да, Бәлкім жоқпын бұл күні санаңызда. Есіңізде бар ма екен қалам алып, Отырған сәт хат жазып қара қызға? Қазір менің салатын әнім басқа, Өткенімді амал жоқ сағынбасқа. Оңашада оқимын хатыңызды, Басталатын: «Аяулы қарындасқа». Қайтем оны көркемдеп сөздерменен, Кетсем алыс мекенге көз көрмеген… Бәрі, бәрі басқаша… сізге деген, Жауапсыз сезім ғана өзгермеген… Зарина Долатай
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту