Мектепке жол!
Сонымен жаңа оқу жылы басталып кетті, құтты болсын! Менің балам алғаш мектептің бірінші класын бастаушы қатарында. Бірінші сентябрь күні мектебіне апарып класына орналастырдық. Мектепке барып тұрып өзімнің балалық шағымды тағы бір сәт еске түсірдім. Біздің кезімізде әке-шешең мектепке жетелеп апару сирек еді. Ол әрине кез-келгеніміздің үйінде минимум бесеу, немесе жетеу, он болғандықтан (көптің бірі, көттің кірі)емес, кеңестік кезең, заман солай болды. Бұл кезде шөп шабу, егіс жинау т.б. қызып тұрған науқаннан босамайтын еді. Тек ата-аналары мұғалім немесе кеңсе қызметкерлері болған балалар ғана алғаш мектепке бірге бару бақытына ие болуы мүмкін Сонымен, балам қарапайым 1д класының оқушысы атанды. Тіфә деп қояйық, әр қайсысында 25 оқушыдан 7 клас жиналды балалар көбейіпті, аман болсын. А, Ә, Б кластары ақылы кластар екен. Олардың айырмашылығы түстен кейін арнайы ағылшын, бейнелеу немесе би болуы мүмкін таңдауы бойынша курс оқытылады екен. Мен бұлардан бас тарттым. Ақысынан қашу емес мұным әрине, балаға артық салмақ болар деп ойладым. Кейін санасына, қабілетіне қарай таңдау жасай жатармын. Мен спорт жағына көңіл бөлсем деп отырмын бұйыртса.
Сонымен, аз-мұз суреттерін сөйлетейін:
Біздің ұжымда жыл сайын басшымыз қызметкерлерінің алғаш мектепке баратын балаларына сый-сияпатын жасауды дәстүрге айналдырды. Мың алғыс ағайға!
Ал енді мектеп партасынан:
Даярлықта бірге оқыған «жігіттері» кластас болды
Мамасының қасында, «папа, түсірмей ақ қойш» деп ұялған түрі
