Есте сақтау қабілетіміз нашарлап бара жатыр ма?
Есте сақтау қабілетіміз, жадымыздың қолданылуы нашарлап бара жатыр ма? Бір нәрсені еске түсіре алмай көп қиналамыз ба?
Соңғы кезде көп адамнан естіп жүрмін осындай нәрсені. Өзімде де көп байқалады.
Бүгін бір ағайым Терри Гиллиам деген кісінің сөздерін бөліскен екен ФБ-да. Сол сөздерден ұққандаймын біраз нәрсені.
Жадылары жоқ ұрпақ туралы кино түсіргім келеді. Достарының аттарын, телефон номерлерін, маңызды күндерді естерінде ұстай алмайтындар туралы. Дәл қазір осындай ұрпақ өсуде. Бұл балалар кез келген сұрақтың шешімін табу үшін интернетке жүгіреді, IMDB, Википедия-дан қарап, Google-дан іздеу үшін. Бұл — жадының жаппай қырғынға ұшырауы, жойыла бастауы.
Бұлар туралы қандай фильм түсіруге болады? Қай жерде жүргендерін белгілейтін, не істеп, не қойғандарын, не көргендерін жазып отыратындар туралы ма? Жақында бір концертте болдым, сонда байқағаным адамдар оттық түгіл телефондарының жарығымен де бұлғамайды екен. Олар тек экрандарына телміріп, болып жатқан нәрсені жазуда. Сонда олар қай кезде ләззат алады? Бұлар бөгдепланеталықтар — бұл ұрпақта тек үнемі желігу, бір нәрсеге тек қысқа фокуспен қарау, барлық нәрсені тез және дәл сол жерде алуға құмарту. Бұл қандай өмір сонда, күте білу мен жады жоқ?
© Терри Гиллиам
Мен өзімдегі мәселені ақпараттың көп болуымен байланыстыратынмын. Мына кісінің де айтқанымен келісемін. Барлық нәрсені миымызда сақтағымыз келмейді. Интернетке жаман үйреніп алдық. Адамдық қасиеттер жоғалып бара жатқан осы заманда дене мүшелеріміздің де функциялары жоғалып бара жатыр.
