Ет пати
«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрине ешкім аппақ ұнды бұрқыратып қамыр жайған жоқ. Бәріңізге таныс Жайма мен Арзу өнімдері.
Бірнеше сағат қайнаған етті түсіріп алдық.
Көп ұзамай бұрқырып піскен, Қызанның сүр еті табаққа толып ортаға жайғасты…
Ет туралды.
Сорпа сапырылды. Бәрі ауылдағыдай. Рәххат!!!
Етті жеп отырып қазақттың ет тарту салтын, әр өңірдің өз ерекшеліктерін әңгіме қылдық. Ет керемет!!!
Фейздан Алматылықтардың Кинопатидан салған суретін қарап отырмыз. Хабарласып құттықтадық туылған күн иелерін.
Етке тойып алып ары қарай әуелетіп әнге салдық.
Марконың Домбыра думанда бір қинауы кем болып жүрген екен. Біраз жақсы, жаңа әндер айтты.
«Кім? Кім? Мен ба? Жоқ! Жоқ! Сен айтшы… » деп жалғасатын папури әндер жинағы мықты шықты.
Алдекең де бірнеше әсем әндерін төгіп кетті.
Азаматтың орындауында Молдабай.
Жақсы отырыс болды. Етті жіберген Азаматтың анасына рахмет!
Бұйырса енді оңтүстіктің етін жейміз деген ниет бар.
