Chance күнделігі: Бейімделу
2012 жылы 30 қазан күні «Chance» автомобилін салоннан алып шықтым Жолда «теряться» етіп, әрең келетін шығармын деп ойлағанмын. Бірақ, үлкен жолға шыққаннан кейін 2-3 минуттан кейін қорықпай айдап кеттім. Одан кейінгі бірнеше күн уақыт бейімделуге, номер алып, көлікті тіркеуге, салық төлеуге, сақтандыруға кетті.
Жолполға сапар
Көлік келгеннен кейін, оны жол полициясына тіркету туралы ақпарат іздей бастадым (қалай, қанша дегендей). Көліктің жағдайын жақсы білетін, жалпы менің автомобиль жөніндегі кеңесшім Ербол Азанбекпен хабарласқам, ол бірден: «Ешқайда барма, өзім алып барамын сені» дейді. «Жақсы» деп қуанып кеттім. Содан жұма күні екеуміз тартып кеттік (екі машинамен). Жолшыбай Ерболдың машинасына ілесе алмай 1-2 рет адасып кеттім. Әйтеуір «Меркур» орталығындағы басқармаға жетіп, құжаттар рәсімдедік. 9 мың теңгедей ақша мен 3 сағаттай уақыт кетті.
Зауыт брактары
Машинаны автосалоннан түнде қабылдап едім. Сондықтан 1-2 ақауына мән бермеппін:
1. Салонның артындағы диванның бір жағы астынан дұрыс бекітілмепті. Орындықтың астында ілмек бар, бірақ сол ілмек кіріп тұруы тиіс саңылауға салғанда ілінбейді.
2. Артқы фарлары екі түрлі.
Шұңқырларға тиіспеңдер, бәрі менікі!
Бұрынғы ескі машинада салдырлап жүре беретін әдетім әлі қалмаған ба, әйтеуір жолдың шұңқырларын байқамай қала беремін. Осы көліктің рөліне отырғанымда шұңқыршыл болып кеттім. Азайту жолында жұмыс істеп келемін. Нәтиже бар сияқты. Бірақ бір оқиға кәдімгідей ішкі жан-дүниемді ашытып жіберді. Інім Құрманғазы көшесінің бойындағы жатақханада тұрады. Соны апарып тастайын деп Құрманғазыға бұрылғам. Жолдары жазғы жөндеуден кейін әлі қалыпқа келмепті: топырақ жол, үйілген тас-топырақтар. Очм, құрылыс алаңы секілді. Інім айтып қояды: "Қойна, машиналар өтіп жүр. Бір жақ шетімен жүрсең шығып кетесің". Бекер тыңдаппын. Астын оңдырмай ұрдым. Звондап інімді бір боқтап алдым. Әйтеуір, ештеңе сынбаған сияқты.
Ми ашыту
Жаңа көлік алсаңыз (әсіресе, Шансты) мынаған дайын болыңыз: кез-келген жерде (үй, паркова, ГАИ, жұмыс, бағдаршам) аялдай қалсаңыз, қасыңызға біреу келіп: Бұл не машина? Объемі қандай? Еще автомат па? Қанша тұрады? Кредитке алдың ба? Айына қанша төлейсің? деген сұрақтардан бастап, жеке басқа қатысты сұрақтар қарша борайды. Тіпті, капотын ашқызып, мотордың әлі жылтырап тұрғанына таңдайын қағып тұратындары кездеседі. Бірінші аптаның есебі мен оқиғалары осы
P.S. Айтпақшы, техникалық сипаттамасында 100 шақырымға 8 литр "ішеді" делінген. Бірақ 8 литрім әзірге 60 шақырымға ғана жетіп тұр
