Мобильді атқыштар һәм террористер
Пысықайлар заманы. Атады келіп, лақтырады да жатады. Құдайдың құтты күні маза жоқ. Шыны керек, менің де лақтырғым келеді. Кей кезде. Борататын СМС емес, К-Селлімді лақтырып жібергім кеп кетеді. Әттең, бірнеше жылдық номер, корпоративка екені тағы бар. Технология қанша дамыды десек те, жаппай смс атысатындардың әлі барына таңмын, ө-п-р-с-т. Әлі сол бес-алты жыл бұрынғыдай сымысыны пакеттеп ала ма, білмеймін. Әйтеуір дамыл бермейді. Ыңғайсыз ше тағы, еркек бастарыңмен хат алып отқанын, он бір сандықтары 93, 94, 95 дегенге бітетін нөмірлерден келсе әсіресе. Қылмыстық кодексті екі қайыра оқып шықтым, ммс-іңдіррайын!!! (мамасымен бірге)
Жаңалықтардан бәлен жерде бомба, түген жерде жарылғыш зат табылғанын телефонмен хабарлайтындар жайлы естіп, пасық политтехнологияларыңыррайын, етіміз үйреніп-ақ қалды. Солардың түгелдей дерлігі өтірік ақпар берушілер боп табылады. Сол телефон террористерінің саясиланбаған бір аяғының бізге де жеткеніне өткенде куә болдым. Еріккендер, нақ еріккендер! Таныс емес номер. Көтерсем, универдің алдында інімді есірткімен ұстап алыпты-мыс. Шұғыл ақша аударуым керек екен, нақты. Үшекібірлер қай қала, қандай универ, қандай іні екенін айтпайт та. Қойылымдарының модасы әбден өтіп кеткен: інім әке-шешемнің жанында құрбандық шалып, қонақ күтіп жүрген ауылда. Оны қойшы, бірінші жағдай емес қой. Одан алдын екі рет — бір рет үйге, тағы бір ретте анама — мен Қазақстан аумағында болмағанымда хабарласқан. Ошым, бір артқы аяқтарымен жүретін малдар — типо Әуе қауіпсіздігі мен кеден басқармасынан — аңыз бойынша, мені құжаттарым дұрыс болмағандықтан, шекарада кіргізіп-шығармай қойыпты-мыс. Анам абдырап, алтындарын ақтарып, ақша санап кеткен. Абырой болғанда, әкем екеуінде де үйге уақтылы келіп, дер кезінде тиісті жерлерге хабарласып, мән-жайды біліп алған. Араға салған адамдары ештеңке өндіре алмайтындықтарын айтты — сілекейлеріне шашалғырлар темір тордың ар жағынан екен. Текелердің ақталуын-ай: «Что с них возмешь, когда они и так на зоне?» — дейді. Ар жақтағыларға, шынымен, дауа жоқ па, яғни?
Екі айдай бір еріккен тәтті келіншек зыбымды шығарды. Зорға құтылдым, — басында бәрі прикол секілді басталған. Ту-у-у Астанадан хабарласады, сағаттап сөйлесеміз. Қыз бен жігіттей. Рахатын-ай, «белгісіз» демеушім пайда болды. Онсыз да тегін номеріме тиын тасталынады. Мелочь, но приятно! «Сен бе?» — десем, ағаштан салбырап түскендей үзік-үзік дыбыс шығарады. Смс жаудырады. Настр болғанда жауап жазам. Кәдімгідей өзімшемін, өзінше-е-е болғаным емес. Проблемаларын айта бастағанда, «шарасыздықтан» дуалға тырманғың кеп кетеді. Ұзын сөздің қысқасы, өзімді нетолау һәм нетамдау сезіне бастағанда қоя-қояйын дедім, құрысын! Зорға құтылдым. «Дауай, до суидания!» дегенімді сызбай жүрген, кейін түсіністік танытты. Енді өткенде номеріне белгісізден зыбандап көрсем, номерге қызмет көрсетілмейді екен.
Жуырда болған ситуация. Жұмыста іш пысып отырсам, «можно с вами познакомиться?» деген мәтінді смс келді. «таныссақ, танысайық. Баха — есімім» деген жауап жаздым. Артынша «очень рад. Абзал.» деп қояды. Ырғалып отырған орындығымнан ұшып түсе жаздадым, абпаталогыңдыррайын! Сүйікті сериал кейіпкерімше: «ле хавле, веле қуввете!» — деп кофе ішуге кетіп бара жатсам, әріптес қыз [құлағында құлақтық] «сегіз жеті жүз бір...» деп ыңырсып отыр.
О, Жасаған және Оның Шамнан Жерге жарық түсірер Жәрдемшісі! Телефонсыз өмір бастаудың уақты жеткенінің белгілері ме? Әлде Ә'сад кеткенін тоса тұралық мы?!
