Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді
Әурет жерін жауып жүрген қыз-келіншектерді көргенде көбісі «бұл не жаңалық, біздің әжелеріміз үйтіп киінбеген» деп жатады. Осы мақалада біз қазір «хиджаб» (әйел адамның бетін жаппайтын, білезікке дейін жеңі ұзын, ұзындығы тобыққа дейінгі кез-келген киім) деп атап жүрген киім үлгісінің түр-түрін қарастырамыз. Яғни әйел адамдар о бастан шариғатқа сай киініп жүрген, тіпті ислам келместен бұрын. Және де бұл тұрғыда ұлттың дінге еш қатысы жоқ. Сонымен…
Сіз орыс әйелдерінің ертеректе хиджаб кигеніне таң қаларсыз. Русь елінде «плат» деп аталатын орамалдар әйел киім-кешегінің арасында маңызды рөл атқарған. Байырғы заманда орыстың әйелдері қазіргідей неше түрлі шаш үлгісін жасап, қайта-қайта шашын бояудың орнына түрлі үлгідегі, түрлі түсті бас киімдерді киіп, оны байлаудың тәсілін алмастырып жүрген. «Развязывание ума» деген салт болған, онда кішкентей қызға орамал мен юбка сыйға тартылған. Ол жыныстық жетілуіне дейін орамал тағуға міндетті болмаған, бірақ сол жасқа жеткенде шашына жемелек байлап, орамал таққан.
Бір апта бойы мерекеленетін үйлену тойы кезінде қыздың әкесі оның басына орамал таққан. Неке қию рәсімінде (венчание) қалыңдыққтың шашы екіге өріліп, оның басына «кика» кигізетін болған. Тума-туыс та бір біріне сыйлық ретінде орамал берген. Содан кейін тұрмыстағы келіншек көшеге жалаң бас орамалсыз шықпайтын болған…
Әрмен қарай Түркияға барайық. Түркия зайырлы мемлекет болып саналғанымен, 15-23 жастағы жас қыздардың 20 пайызы шариғатқа сай киінгенді жөн санайды. Көпшілік түрік әйелдерінің ойынша орамалмен өзіңе сенімдірек боласың, қауіпсіздікті сезініп, өзіңнің бағаң да артады, тіпті түрік қоғамында биіктерден көрінуге септігін тигізеді.
Стамбул шаштараздарында шашын қиюға емес, орамалын әдемілеп байлатуға келген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Сұлулық салондарының прайс-листтерінде тіпті «орамал байлау» деген жол бар. Оны әр түрлі әшекейлермен, моншақтармен әдемілейді.
Ал мынау паранжа – мұсылман елдерінде әйелдің сыртқы киімі, атап айтқанда Орталық Азия мен Таяу Шығыста. Оның ұзын жалған жеңі бар, бетті «чачван» деп аталатын тормен жауып тұратын халат сияқты киім.
Чадра (тур. yaşmak) – ақ, көк, қара түсті жеңіл әйел жамылғысы. Үйден шыққанда киіетін, әйелдің дене бітімін бастан аяқ жауып тұрады. Көбіне көп бұны Ауғаныстан немесе Пәкістанда түсірілген суреттерден көресіз.
Араб түбегіндегі әйелдер негізінен «абая» киеді. Абая – араб әйелдерінің дәстүрлі киімі. Ол жұқа жұмсақ көбіне қара матадан тігілген жамылғы немесе кең көйлекке ұқсайды. Таяу Шығыстағы қалалық әйелдердің басым көпшілігі ашық түсті әшекейлер мен түрлі-түстілерінен бас тартып, қарасын киеді. Олар кішкентай қара көлекті ойлап тапқан әйгілі Коко Шанельден бұрын қара түстің тереңдігін, айқындылығын, жұмбақтығын ашқан болатын.
Сауд Арабиясында дәстүрлі әйел киімі рулық белгісі бар оюлармен, шашақтармен, тиындармен көмкерілген. Үйден шығарда сауд әйелі міндетті түрде абая киюі тиіс.
Ал қазір Малайзия мұсылмандары не киетінін көрейік. Малайзияда ашық түстерді артық көреді. Барлығы шариғатқа сай болғанымен, әйелдердің көбісі салтанатты да сәнді болып көрінеді.
Киім-кешектің негізінде «баджу кебая» мен «баджу куронг» жатыр. «Баджу куронг» тізеге дейін келетін кең жейде мен ұзын юбкадан тұрады. «Баджу курунг» дәстүрлі батик немесе сонгкет маталарынан тігілуі мүмкін. Бұған қосымша ретінде «селенданг» шәлісі немесе «тудунг» орамалы бар.
Балаларға келетін болсақ Келентан штатындағы өте діндар отбастарын санамағанда, мұнда оларға дәстүрлі киім кигізіп, орамал тақпайды. Бірақ жинақта келесідей балалар киімдері ұсынылады.
Айтпақшы Малайзиядағы сән үлгісін көрсетіп жатқандардың көбісі малайлық емес, сондықтан бет әлпеттеріне таң қалмаңыз.
Ал мынау әзербайжандық «хиджаб».
Өкінішке орай қазір көбісі бұлай киінбейді, сондықтан сурет қойылымдық.
Осы ретте «никаб» жайлы айта кету керек. Никаб – әйелдің бетін жауып тұратын, көзге арналған тілігі бар мұсылмандық бас киім. Әдетте ол қара матадан тігіледі. Көзден басқа беттің бәрін жауып тұрады.
Ислам – маңызы бойынша Үндістандағы екінші дін (басымдық танытатын индуизмнен кейін). Қолда бар деректерге сенсек Үндістанда 150 миллион мұсылман бар, ол елдің 14 пайызын құрайды. Үндістандағы мұсылмандар саны ислам мемлекеттерінің көбісінен асып түседі, бұл үнді мұсылмандары өз елі мен бүкіл ислам әлемінде тиімді әрі ықпалды рөл атқара алады деген сөз. Исламның Үнді түбегінде бай тарихы бар.
Қытайдағы ислам. Тарихи жазбаларға сүйенсек ислам Қытайға шамамен 7-ші ғасырда мұсылман көпестері арқылы келген. «Жібек жолы» арқылы Қытайға теңіздің ар жағынан араб және парсы көпес-мұсылмандар жиі келген.
Парсы елінде:
Түркменістанда:
Арменияда:
Өзбекстанда:
Қазақ елінде:
Айта кетерлігі, қазақта әйелдің жасына, әлеуметтік жағдайына, руына байланысты әр түрлі бас киімнің түрі болған, олар; бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Тұрғылықты жеріне қарай кимешекті түрлі әдіспен байлаған.
Дағыстанда:
Тағы да Орыс елінде:
(орыстарды насихаттап кетті ғой демеңіздер)
Христиан дінінде:
Апостольник бұрынғы қазақтың кимешегі қазір «хиджаб» деп жүргенімізден еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан «хиджаб» ықылым заманнан әйел адамның өмірінің айнымас бөлігі болған.
