Ескі архив · 15.02.2013 05:12

Үнсіз диалог

Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық. Сол кезде жан: -Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға. Төс: -Тосамын өзіңді. Қол: -Алар едім құшаққа. Ақыл: -Асықпа, жан… Ғашықтар: -Қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға. -Әне, жарқырайды жарық болып бәрінен! Жарқ етті де жарық жұлдыз: -Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында, -деп көктен дауыстады. Жігіт: -Көтеріп едім иегімді, айналып келдің алдыма, естіп соққан жүректі. Қыз: -Абай бол,- деп алақанмен үстінен басып жұбатты.
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту