Ескі архив · 26.02.2013 09:20

Қараңғы

Бұл баяғыда болған оқиға… Әкесі мен баласы Кішкентай кезімде бөлмеме барып жату мен үшін қорқыныш еді. Жарықты өшіріп, қараңғыда ұйықтау, айдалада жалғыз қалғанмен бірдей. Жарықты жағып ұйықтайтынмын, түнде әкем келіп өшіріп кететін. Әкем менің қорқатынымды білмейтін. Бір күні сұрады: Неге жарықты өшірмегенсің деп, мен шынымды айттым, қараңғыдан қорқамын деп, содан кейін ес білгенше, мен ұйықтап қалмайынша, жарықты өшірмейтін, ұйықтап қалған соң бәрібір ғой. Содан ер жеттік, үйлендік, балалы болдық, содан кейінгі бәрі ұмыт болды ғой… Атасы мен немересі Бір күні әкем телефон соқты. Оқиға былай болыпты: Әкем немересін алып түнде ұйқыға кіріседі ғой. немересін құшақтап жатып әңгіме айтып жатқан болса керек, ол кезде үлкен ұл 2 жарым жасар еді. Тілі анық, сөйлеуге шеберленіп келе жатқан кезі. бір кезде шешем келіп жарықты өшіріп тастап, ол да ұйқыға кіріседі ғой. сонда немересі: — Ата светті жағайықшы, депті. Атасы: — Неге? десе, немересі: — Қорқам, — дейді ғой, Атасы: — Неден қорқасың? — деп сұраған екен. Немересі: — Қараңғыдан, — деп жауап беріпті. Атасы: — ой, әкең… — деп бір тоқтапты. Азанда телефон шалып тұр. Осылай да осылай деп айтты… "Ұқсамасаң тумағыр" дейді. Е, адам баласы осыншама қорқақ бола ма, әрине жалғыздықтан қорқуға болады. ал, қараңғыдан ше?.. Сіздер қалай ойлайсыздар керекшілер…
Авторы:
neoaskar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту