Күнделікті порнография
«Кет на..., б...., с...»(осылай кете береді). 10 жылдай таныстығымызда өте жақын досымның аузынан шыққан ең алғашқы боқауыздар еді бұл. Бірінші рет естіген соң құлаққа түрпідей тиді. 4-і сыныптан намаз оқитын, ибалы жігіт еді. Ондай сөздерді біледі деп ойламаппын.
Бұл — біздер 3 курста оқып жүргенде, яғни 2007 жылы болған жайт. Досым Қытайдан келген оралман. Орысшасы енді түзеліп келе жатқан. Ол жатақхананың душына жуынып жүретін. Бірде көзім қышып моншаға шақырамын ғой. Бардық. Шешініп болған соң мен: «Тәте, 23 пен 24-і жаба салыңыз» демеймін бе. Есікті жабуға келе жатқан тығыршықтай келіншекке досымның аузынан жоғарыдағы сөздер борасын. Шылапшынымен бұтын жауып алған. Өрт сөндірген адамдай түрі түтігіп, бар білетін боқауызын айтып тастасын. Мен басу айтпақшы болып едім «Абұйырымды көрінген қатынға көрсетіп не көрінді?! Мыналарың ашық порнография ғой» деп кетіп қалды жуынбай. Екі оттың ортасында қалғандай болдым. Кейін басқа достарымызға айтып күліп жүрдік. Тағы бір кездескенде сол әңгімеге қайта оралды. «Мұның арты голландтық үлгіге әкеледі. Зинақорлық, гомосексуалдық қарым-қатынас қоғамдағы қалыпты жағдайға айналады. Бұл өз сөзім емес. Бұрынғы өткен даналардың айтқаны.» деп кеөсілді.
Жақында моншаға түсіп жатқанда осы жайт есіме түсіп кетпесі бар ма. Рас-ау. Алғашқы қауым адамдарының кейпіне келе жатырмыз. Бара-бара әйелдер моншасында еркектер қызмет көрсететін шығар. (Олай бола қалса, қызметімді ауыстыруға бармын). Шариғат тұрғысынан алсақ досымдыкі дұрыс. Бірақ, біз біле тұра мән бермейміз. Мән бергенмен қайда барамыз? Транспорант алып көшеге шығамыз ба?
Жалпы, сіздер моншада әйелдер қызмет көрсетіп жүргенде қандай сезімде боласыздар?
