Біртүрлі мұжық пен біртүрлі оқиға
Кез келген адамның бала кезінде аяғына дейін тсіне алмаған оқиғасы, адамы мен құбылыстары бар шығар. Мен де жиі осы оқиғаны есіме алам, көп жерлерін әлі де түсіне алмаймын...
Бір тәтей бар еді көрші. Жұмыстан үйіне келе жатқанда, халықтың жартысы «отырып қалған кәрі қатын» деп пыш-пыштаса, қалған жартысы қиялдарына тіптен азотты тотықтырғыштан қосып жбіеріп, шөпқорада біреумен жатқанын көргенін айтып, бір жасап қалатын. Өзіме ұнайтын. Аздап үлкендеу болғанымда, қырындар ма едім деп те ойлайтынмын шешесс.
Күндердің күнінде осы біздің көшені айналсоқтап жүретін біреу пайда болды. Білә, кинодағы сияқты епті: тап-таза теміржолдың спецовкасын киген (теміржолдың спецовкасын тап-таза қылып киетін адам сау болуы мүмкін емес), фонары, тағы басқа асай-мүсейі түп-түгел, очм түрі — аздап Форрест Гампқа келеді. Қылығы да.
Бас салып маған жармассын! Күнде осы жермен қайтатын сенің апаң ба дейд нақ. Қойнақ дейм. Шешесс, апаң ғой нақ, саған сөмкесін көтертед, үнемі сол үйге кіріп кетесің, туысқансыңдар ғой, айтсайш дейд! Лібә, мына маньяк сонда қашаннан бері аңдып жүрген? Кетейнақ, жай, кейде шайға шақырады деймін мен. Очм, сол кеште тәтейдің есімін олжалап кетті.
Ертеңіне дүкенге барғам. Азапты өшіретім жетіп, бұтақ та сыймайтын сөреге басымды тығып: «маған — бес нан!» деп бақырып, нанды бере бастаған кезде бақыттан басым айналып, артымда тұрған жүз адамға мүсіркей көз тастағам, типінақ, нан қалмайды-ау сендерге деген сияқты. Ом манэ — кезекте әлгі тұр! Маған қарап ыржақ-ыржақ етед! «Маньяк-убитса» деген түсініктер сол кездерде пайда болып жатыр еді. Мынау сондай бір бәле ме дедім шешесс. Біттім-ау дедім.
Кезектен нанымды алып шығып, әлгіге қарамастан аяңдай бердім үй жаққа. Ананың да ере бастағанын сезіп тұрмын. Рогаткамды көрсетпей ағытып сайлап алдым. Шойынның жақсылау біреуін қалтамнан және таңдап алдым (пойыздың поршеньдерінің сақиналарынан жасалған «оқ»). Анау бұрышқа дейін артымнан қалмаса — аяғынан атамын деп сөз бердім өзіме. Қалмады. Тексеру үшін әдейі бұралақтап бір кварталды айналып едім, жоқ — қалмады. Атуға барлық құқым бар деп шешім, пятаяпоправкасынсстың. Очм не керек, кино нақ: тұра қалдым, жерге бес нанды қоя салдым, бұрылдым, тізерлеп отырдым да, нақ санның түбінен рогаткамен әдемілеп көздеп тұрып, сарт еткіздім. Робин Гудпын нақ әкесс: енегін ұстап, сальто айналып ұшып түсті білә. Ойбайлап жатыр. Адамдар да жиналып қалды. «Ойбай Ерсайын, саған не болды?» деп, хуйлық ананы қаумалап жатыр әйтеуір. «Маньяктың» ел арасындағы беделі мені аз-мұз күмілжітті. Ерсайындары болса, мені нұсқап, бірдеме деп міңгірлейді. Хуйлық түсініп болам дегенш, мен де бес наныммен зыттым шешесс.
Кешке үйге бір шал келіп тұр нақ. Пақан-мақанды шақырывалып, сөйлесіп жатыр. Е, біттім нақ, менттерге тура жол болды дедім. Жоқ. Әлгі шал аздан соң мені шақырып алып, аз-мұз үнсіз отырып, тіл бітті:
— Осы Ерсайын кенжем бес ұлдың ішінде ерекшелеу боп тұр балам. Мына жердегі Жансұлу деген апайыңмен танысқысы кеп жүрген екен. Көп оқып қойған бәле, алдымен «предварительный сбор информации», «работа с окружением» болу керек деп, сені тапқан түрі ғой. Оған сен оның «предварительный сборын» шығардың. Құрысын, құда түсеміз енді апайыңа. Айтпақшы мә, мынау сенің шойының: сан етінен жақсылап тұрып атыпсың! — деп, қолыма әлгі шойынымды ұстата салды.
… Бір айдан кейін той болды дүркіреп. И я там был: іштік нақтың өкіртіп!!!
