Жолын сілтеп жіберші...
Қуыс-қуыс. Қалтарыстары таусылар емес. Шимай-шатпақ. Бір мәселенің үстіне екіншісі кеп құлап жатыр…
Мына біреуін енді түзеймін бе деп жүргенімде, әне тағы да бір шешілмеген түйін қылтиды. Бәрін де қолдан жасап алып, өзім шешімін таппай жүремін сосын.
Кейде бәрін тастап, ауылға қашып кеткім келеді. Жан баласымен араласпай, ешкіммен хабарласпай, өзіммен-өзім жабайы өмірге еніп кеткім келеді. Қайдағы қашқан… Ойлаймын да, қоямын.
Тым сенгішпін.
Адамдарға сенем — жанымды түсінер деп, өзіндей көріп.
Тағдырыма сенем — тосыннан сыйлайтын бақытын жасырып жүр әзірше деп.
Өміріме сенем — бәрі күні ертең-ақ тамаша болады деп.
Достарыма сенем — қателігімнің бәрін еркелігім ретінде қабылдайды деп.
Дұшпаныма сенем — мені жеңу оңай емес екенін біледі деп.
Сенем… Сенем…
Тек өзіме сене алмаймын… морт кететін сияқты болам да тұрам.
Түрлі ойлар көбейіп, іште уайым шектен тыс артқан кезде қандай амал қолданасыздар, адамдар?
Сурет
