Стақандастарым. Арзымқан әже
— Әльмәғаштеееең геліндей-аау,
Текеметтең түріндей-ау!
Өтеп өмер бара жа-теееер,
Сез бен бізге-ау біленбей-ай!
«А? Ох шешесс, мынау кәдімгі Арзымқан әже ме? Мынау тап сол — таң атпай 8 мың теңге пәтерақы санап берген әжем бе, жоқ па? Айтпақшы, сарайға қалай кіріп алған???». Есім-кіресілі шығасылы оянған менің, кешегі төпеген арақтан ауысып қалған санама келген алғашқы ойлар осы болды.
Әжемнің жағдайы жаман емес ияқты. Тіпті керемет деуге де болады. Байқасам, барылдап отырған әнінің «сіз бен бізге-ау» деген жерінде, сәйкесінше — саусағымен алдымен өзіне, сосын маған шошайтып, импровизация жасап та қояды. Көңіл-күйі ұрып тұр енді.
— Әже, қалай кіріп кеттің? — дегенім бекер болды, әнін кілт тоқтатты да, өзіме тап берді:
— Менің төремнің(байымның дегені) орнында жатырсың сен, біліп қой! Менің төремнің орнында жатырсың! Ал мен өзімнің төреме неге келе алмайды екенмін, а жетпегір?
Ал шешесс, танкідегі логика, кесіп ала ғой нақ! Аузыма құм құйылды. Дегенмен түсінік талап етпек болып, мейлінше қарапайым әңгіме бастамақ болдым:
— Әже, ақшаңды төледім ғой! Бір айға! Бүгін бірінші күнім! Сарайды неге ашып кіресіз, бұл енді бір айға — менің меншігім!
Пензесс претензия айтып тұрмын деп ойладым, қай жағынан қараса да менікі дұрыс қой деп. Жеппін нақ, кемпірің шақ етті:
— Маңдайыңа қаратігілсін жетпегір! Менің төремнің орнында жатырсың дейм! Аль кеттік бялям!
— А? Қойыңыз… Қайда?
-Аль кеттік: Әльмәғаштеееең геліндей-аау, Текеметтең түріндей-ау! Өтеп өмер бара жа-теееер,
Сез бен бізге-ау біленбей-ай!
Осы кезде барып әжемнің сілтеп алғанын түсіндім.
-Ой шешесс әже, құйшайш, несіне әңгіме қылып отырсың!-деуім мұң екен.
-Төремнің сөзін айттың, иииии, төрем сияқты сөйлеп отырсың! — деді де, енді басталған 0,7-ні шығарып, меймілдете құйып салғаны! Екі шай кесені тартжівергеннен кейін, өлең айтудағы жетекшілікті өз қолыма алып, «Дудар-айды» бастап кеп жібердім. Лібә, бұлай рақаттанып ешқашан өлең айтпаған шығармын нақ…
* Иллюстрация: Василий Шульженко
