Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат
Қарабақырларды қалтама салып жіберіп, қайта алып санап тұрмын. Көбейіп кететіндей. 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік пен 10 теңгеліктер, көңілге медеу боларлықтай шылдырлағанымен, болғаны 55-ақ теңгені құрап тұр.
Онсыз да мәңгіріп тұрған басым кішігірім есеп-қисаптың өзіне шыдай алмай тұр. Қай-қайта басынан бастап есептей беремін. «Сонымен, — деймін осымен нешінші рет, — 15 теңгесіне үш дана қызыл „Соверен“ алсам — 30 теңге қалад; 10 теңгесіне — тауық бульонын алсам — 20 теңгесі қалад; автобусқа сонда 20 теңге қалад...». Бас жазу туралы тіпті армандап та тұрған жоқпын, бүгін ауырып-құсып, әбден қор болып алайыншы осы дедім өзіме.
Есебім қандай да бір қисынға келгендей болып, дүкенге кіре бергенім сол еді, бұрыштан біреу:
— Ей ағасс! — деді.
Жалт қарадым. Ол да бұрыштан толығымен шықты.
— Сізді бола ма? — деді мұрынбоқ бала.
— Негерек? — дедім мен жақтырмай. «Шамамен сегізінші сыныпта оқиды-ау» дедім ішімнен.
— Аға, екі темекі, сосын — 14 бөтелке сыра алып шықшы! — дегені!
Ойбай-ау, мынау қарапайым адамның киімін киіп келіп тұрған Исаның нақ өзі емес пе!
— Маған не бересің? — дедім мен де есемді жібермей.
— Ештеңе…
Лібә, осы күнгі таскөттер пензесс нақ! Ептібайымайдтың айтып тұрғанын қара!
— Ақымақты тапқан екенсің онда! Жоғалнақ! Қазір дүкеншіге ескертіп қоям, мынау адамдар жіберіп тұр сырттан деп!
Дөп түстім білем: бала ойланып қалды. Сосын:
— Сонда не берейін?
— Бір бөтелкесі — маған, келістік пе?
— Сонда бір-ақ бөтелке саған не болад? — дейд боқмұрын!
— Ауырып тұрмын да ептібайымайд! — деп бақырып жібердім, шыжып келе жатқан күн одан сайын басты қиратып бара жатыр еді.
— Ооо шешесс, онда арақ жарамай ма саған? — дейд ана бала!
— Херине жарайд! Бір чекушка алып бересің бе?
— Жоқ, менде басталған бөтелке бар еді…
… Тоғызыншы сынып оқушысы Бекболат осы жердегі үй жөндеу мен дәнекердің құдайы екен. Қызық: бармақтай бала жұмысшылар мен басқа да алқаштарды ұйымдастырып, нәпақа тауып, үйін асырап отыр. Мұны естіген мен мана дүкеннің алдында бопсалағаныма ұялып кеттім. Ол болса:
— Қойня ағасс, жақсылап бас жазывал, айтпақшы, қолыңнан не келед, бәлкім жұмыс беріп қалармын? — дейді өзіне де, маған да құйжіверіп.
— Жұмысым бар інім, қ ам жеме! — деймін мен ахаңды мейірлене сіміріп отырып.
— Жұмысың бар болса, тұяғыма дүкеннің алдын торып, әркімге бір жармасып жүрсің?
Аузыма сөз түспей қалды. Болғаны:
— Өййй, сен де бір! — деп тыжырынып, қолды бір сілтеп шығып кеттім. Әрине, бөтелкені іле кетуді де ұмытпадым…
* Иллюстрация: Василий Шульженко
