Ескі архив · 23.09.2013 00:28

Баламмен диалог

Жұмыс барысында іс-сапарға көп шығамын. Мынау сол сапардың ішіндегі сорақысы болар, елден үш жылға кеттім. Әрине келіп кетіп тұрамын ғой. Далада жүріп, үйдің амандығын біліп телефон соққанда балдармен де сөйлесемін. … — Қане балдарға берші -Қазір -Әллө, Коси (Сендер де, балдарыңды еркелетіп қызық атайтын боларсыңдар, иә) -Алье, паппа! Қайдасың? -Алматыдамын ғо — Ааа, ия, ия. Қашан келесің? — Келем ғо (Қашан деп айтайын үштегі балаға) — Ааа, ия, ия, маға ойыншық әкел ия, давай сау бол! (телфонды тастап жібереді) Болды осымен бітті, қайта теріп, үйдегілермен қайта сөйлесіп жатамыз. Кешегі диалог басқаша болды. Телефонға келгенде әдетімше -Әллө, Коси — Паппа, Ассаумакім! — … (менде тіл жоқ), үпит сүпид деп сөйлестік, бірақ ойым басқада болды. Өзіміз даладан келгенде біреудің баласына -Ассаумайкім, қайда?- деп, не, үйге кісі келгенде балдарға -Ассалау, бер- деп жатамыз ғо. Бірақ өз баламмен осылай сөйлесем деп ойламаппын.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту