Стақандастарым. Махамбет.
Пикассоның қайсыбір «туынды» делінетін қуындысы 18 миллион долларға кетті дегенді естіп, ақымақтық дендеп бара жатқан адамзат үшін жалғыз қ ам жеп, күйіп-пісіп отырғам. Ал зомбидар әрі қарай: "...өзін белгісіз боп қалуды жүн көрген сатып алушы — Далидің қуындыларының аукционында рекордтық шығынға дайын екенін" айтқанда, жүйкем сыр берді: «Тап шешеңң, құтырды-ау мыналар, ептібайымайдтар!» деп саңқ еттім де, елу граммды өрт сөндіруге құйғандай қағып салдым. Сол-ақ екен, шеке тұсымнан біреу:
— Неге олай дейсіз? Мен болсам — алар едім — деді.
Жүзін көрмесем де, қарлыққан дауыс иесінде 18 миллион доллар жоқ екенін бірден түсіндім. Сондықтан, жүзін көрген кезде таң қалған да жоқпын: бет-әлпетін дауысынан әлдеқашан елестетіп едім, тап сондай боп шықты. Көнетоздау келген палто, қоян құлақшын киген дауыс иесі ебедейсіз қолдарын созып:
— Махамбет. Суретші. Изоны совет кезінде бітірген — деді.
— Сатыбалды. Изоның қыздарына күнде бітіред — дедім мен де кекетіп.
Әзілім өтпей қалды. Ол отыра қалып, өзінен өзі:
— Айып етпеңіз, өзімде де ақша бар, жәй, әңгіме айтайық деп отырватырм — деді.
Не керек, шамамен жетінші стақанның межесіне жеткенде, мен кубизмнен бірдеңе түсінетін болдым. Он бесінші стақанның маңайында мынау ғақылия әм еркін суретші Махамбеттің ашылмай жүрген талант иесі екеніне көзім жетті. «Мақ… Пақ… Мақпанның… Фыффф, мақанның, пақанның суретін салдырам саған, ақшаны төгем білә!» деймін мен оған өкіріп. Ол болса, «Салам! Саған салам! Менің дипломымды білесің бе сен? Өтеген Тананың өзі бес қойған! Тап сондай қылып салам!».
Не керек, оның екі аяғы мен менің екі аяғымды амалдап қосып, бірі-бірімізді демеп, төртаяқтап үйге қайттық сол күні…
… Бірде оянсам, соның үйінде жатыр екенмін. Сол шешесс, совет интеллигентінің жұпыны тұрмысы: күлі шашылған күлсалғыш, 40 ваттық көмескі шам, газет-мазет, бөтелкелер. Сосын беті матамен жабық тұрған кенепті де байқадым.
— Бүгін біздің үйге келген себебімееез...-деп бастады ол салтанатпен, — менің саған күнде айтатын дипломдық жұмысым! Ана, Өтеген Тананың өзі бес қойған ше? Қолтаңбасымен! Қазір саған көрсетем! Әрине, тағы бір себебіміз — бір жарым литрді жұқарту, онсыз бола ма, хе-хе…
Аздап жұқартып, шеке қызғаннан кейін, барды да, мейлінше пафоспен кенептің матасын шешіп кеп жіберді…
Білесіз бе, сол жерде мен ең болмаса кеуілі үшін аһ ұра алмадым. Қатындардың көңілі үшін бір жақсы сөз құрастыра салатын санам сол жерде сарқылды да қалды.Жылқылар, иә, кәдімгі жылқылар. Иә, жайлауда көсіле шауып бара жатыр. Енді? Динамика жоқ, көңіл-күй жоқ статикалық сурет, фотографиялық мезет қана. Жайлау, ауыл деген ассоциация мүлдем жоқ: кенептегі жылқылардан мен тек қана осы үйде тұрғанымды ғана сездім. Өтеген Тана деп жүргенінің кім екенін білмедім, бірақ ол да шеккен екен нақ.
— Ұнамады ма не? — деді ол менің кейпімнен абыржып.
Жоқ августейший оқырмандар мен ізгі христиандар, қара қылды қақ жаратын турашылдығымнан емес, басқа сөз құрып қалды ма сол жерде, жәй ғана:
— Тіпті ұнамады — дедім.
Шынымен жаман енді кенебі, түсінесіз бе?..
… Жақсы адамның шығармашылығы да жақсы бола бермейді екен(((…
* Иллюстрация: Василий Шульженко
