Ескі архив · 15.01.2014 22:15

Тек келбеті сәл келсе болғаны

Жиырма жастағы Руфина күйеуге шықты. Күйеуіне тұрмысқа шықпай тұрып оның нашаға әуестігін байқамапты, күйеудің туыстары да білдірмеді. Денесіне тиген соққылар ауыр тигенімен, ештеңе сезбейді, барлық нерв талшықтары үзілгендей. Көзі қарауытып кетіп барады. Күйеуінің ащы дауысы бәсеңдей –бәсеңдей жаңғырық болып қайталанады: — Қайда, қайда жібердің? Тап! Тап! — соққыдан қарақұсымен қабырғаға соғылды. Жүрегі айнып, лоқсып, құсық тамағында, бұлшық еттері босап, сылқ етіп құлап түсті. Біраз уақыттан соң. Көзін ашты, дүние тоқсан градусқа төңкеріліп түскендей. Бөлменің едені тік тұрған қабырға секілді. Ішінен ойлайды: — Орындық тұр төмен құламай. Үстел, тоңазытқыш бәрі төмен сырғып түсіп құлау керек қой? Бел тұсынан ер адам силуэті жақындағанда, тас еденнің суығы өне бойына бір-ақ енді. — Жақындады, жақындай түсті, — деген ойдан әйелдің көзі бұлдырлап, азаптаушысын көргісі келмеді. Денесінің сыртынан қаптап, еденге бекітіп қойған көрінбейтін қалыпты бұзып, атып тұрмақшы, тізерлеуге ғана шамасы жетті. Қол созар жерде тұрған орындықты ұстай алғанда, орындық ауып, онымен бірге өзі жығылды. Бауырымен жорғаламақшы, осы кезде шашынан жоғары тартып, қабырғаға сүйеп жатқандай сезді. Ойы: — Қазір тамағынан алып тұншықтырады. Ауаны тіліп қозғалған қолдарының епсіз қимылы, қорғаныс емес, қорғанысқа әрекеті ғана. Жауының шабуылына тоқтарына еш сеп тигізбейді. Қолға түскенін сезгенде, қолымен сермегенін қойды. Азаптаушыға қарсылық көрсетер шама жоқ, қалғаны бар болса, қазір көзіне тіке қарағанға жұмсалып, таусылып барады. Ащы дауыс: — Қайда?.. Әйел көзін жұмып алып, бар дауысымен бақырып жіберді де, тістерімен иығынан тіреп тұрған қолға қырш-қырш тісін батырды. Учаскелік полицейдің қолын жедел-жәрдем дәрігері танып берді. Осыдан бір-екі минут бұрын. Учаскелік полицейге түскен хабар бойынша анық-қанығын білу үшін есігі шалқасынан ашық жатқан пәтерге кірген. Еденнен тұруға шамасы жетпей құлаған әйел затын көріп, көмекке келген. Бірақ та соққылардан әлі есін жимаған әйел одан қорғанамын деп, жарақаттап тастады. Жәбірленушіні зембілге жатқызып, жедел –жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді. Бір жыл ішінде бір-екі ауруханадан емделген соң, психиатрлық диспансерге жарты жылға емделуге жіберілді. Руфинаны апайы қолына шығарып алды. Дәрігер емханадан шығарар кезде апайына сіңлісінің мінезінде айрықша өзгерістер байқалса, қаралуға әкелуін сұрады және белгісіз мерзімге дейін диспансер бақылауындағы пациент есебінде есепке алынғанын ескертті. Апайы екеуі тұра бастады. Күндіз үйде, сыртқа тек апайымен бірге шығады. Қыста апайы еңбек демалысына шықты. Соны пайдаланып, сіңлісін көбірек қоғамдық жерде жүріп, өмірге жақындатпақшы болды. Қашанға дейін қамалып отырады. Дәрігердің кеңесін ескеріп, өте көп адам шоғырланбаған жерлерді таңдап жүрді. Автобус болса, ішінде көп жолаушысы жоғына отыруға тырысты. Қаланы тез қараңғы басты. Оның есесіне лезде әртүрлі шамдар жанып, қаланы безендіре түсті. Автобус ішінде бос орындар көп. Апайы терезеге қарап, көше шамдарының әдемілігін сипаттап: — Мына жерде күшті, — деп айтып қояды. Кезекті аялдамада екі жас жігіт бос орын іздеп, дәл Руфина мен апайы отырған орындардың артына жайғасты. Бір-бірімен көп уақыттан кейін кездескен жігіттер өткен — кеткеннен естеріне түскен әңгімелерін айтып, күліп қояды. Күлген дауыстары қатты шықты ма, сөздері әсер етті ме, белгісіз, қай қылықтары Руфинаға тиіп кеткені? Орнынан атып тұрып, жігіттердің бетіне тіке қарап: — Сөйлеме, жап аузыңды! Сөйлеме! — деді. Екі қолын артқа керіп, бастаған шабуылды апайы тоқтатты. Кенеттен сіңлісінің оң қолында маникюр қайшысының пайда болғанын байқап, арқа жағынан келіп, құшақтай алды да: -Руфина, Руфина отыр, отыр. Ешкім саған тиісейін деп тұрған жоқ. Руфина болса өзінің азаптағышынан кек алуды ойынан бір мезетке де шығарған емес. Тек келбеті сәл келсе болғаны. превьюге сурет алынды мына жерден Текстегі қателер 19/01/14 жылы сағат, 19:15 түзетілді. 19/01/04 20:47 диалогтарға өзгеріс енгізілді
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту