Ескі архив · 20.01.2014 23:14

Шаршадым....

Шаршадым… Кәдімгідей шаршадым. Адамдардан шынайылық деген кетіп бара жатқан секілді. Өмірі асығып жүріп, негізгі мән беретін жағдайларға мән бермеппін. Өзімнің орнымды таппай дал боп жүргендеймін. Жалпы не ой жейтіні белгісіз, алайда бір ой бар мені қатты шаршатады. Кейде осы өмірдің есігін өзім жапқым да келеді. Әттең, неге деймінде, тұтқаны жібере саламын. Сондағы шайтан үміт қой, ертең біреудің бір керегіне жарап қалармын деген. Сол сезім келгенде, адамдық статустан, заттық статусқа түсемін. Сонда мен затпын ба, адамдар қолданамыз деген? Әлде, жас бала екен деп қолдану бәрімізге үйреншікті әдет пе? Сосын тағдырдың сыйын күтіп жүрмін, мәә, мынау сенікі деп бөліп беретіндей. Енді өзім де аң-таң, ол не сыйлық болуы мүмкін деп ойым онға, санам санға бөлініп жатыр.
Авторы:
baglankoke

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту