Ескі архив · 22.01.2014 10:09

Өткен шақта

Бұрын бастауыш мектеп оқып жүргенімде базарға барып пакет сататын едік. Сонда сол пакетті 50 тиыннан алып, 2 теңге сататынбыз. Сонда ет алушыларға етін салу үшін екі-үш бала таласып, өзінің пакетін өткізу үшін ілінісіп қалатынбыз. Сонда не жоқ дейсің ғой бізге? Қазақты өлтіретін мына сөз ғой: Анау пәленше көршінің баласы анандай жұмыс жасайды, сен неге жасамайсың деген? Осыны естігенде саған ұсыныс сұрақ емес қой, сұрақ форматындағы бұйрық қой. Үн шығармастан, жұрттың баласынан неміз кем деп, белді бекем буып алып базарға қарай бет аламыз. Сонда таң ертеңнен кешке дейін 40 пакет сатқанымызға мәз болып, кепкамызды аспанға атумен келеміз ғой. Сонда 6 шақырым жолды ерінбей жүріп келеміз. Бәлкім, ол кезде маршрутты таксидің болмауынан шығар. Айтқандай болған, бірақ олар ақшасы жоқ деп мінгізбей кететін. Қайтсін, ол да бала-шаға бағып жатқан бейбақ қой. Сол кезде олай ойламайтынбыз, дөңгелегіңе шеге кіріп кеткір деп қарғайтын едік. Енді осыны есіме түсірсем, шынында бала болған екнебіз ғой. Әйтпесе анау қарғыстар іске асса, нәтиже жаман ғой.
Авторы:
baglankoke

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту