Құрылысшы Абақ Сұлтан. «Бір сәттік ләззат»
Өмірден көп теперіш көріп жүрген ізгі мүміндердің бірі Абақ Сұлтан. Кісіге аса залалы жоқ, қойдан сәл ептілеу жан. Реті келсе зиянсыз тігіп кетуді жөн санайды. Екеуміздің дітіміз көбіне бір жерден шығып жататындықтан мені тәуір көреді. Ай аралатып штатқа оралғанда міндетті түрде маған келеді. Соңғы келуінде құба жалдың үстінде бірге отырып шектік. Шегіп отырып өзімізге ғана мәлім, бұтақтай өріп кететін қойырпағын сыздықтата бастады. Сонымен құлақ Абақ Сұлтанның аузына қарады да, ауыз дәмнен алып отыруды жалғастыруда.
… Білә! Жеке басымнан өткен дағдарыстардың ішіндегі ең қиыны Афины олимпиадасынан кейін, Бейжің Олимпиадасынан алдын ойып тұрып орын тепті. Неге десең өзің білетіндей жұмыссыз қалдым. Қаларымды сезе тұрып үйленіп алғанымды қайтерсің. Жыл өтпей ұлды болдым. Үйге кірем-шығам, шығам-кірем. Осымен күндер өтіп жатты. Бір күні Ибнмәлік «Үлкен қаладан жұмыс таптым, сені ала кетейін, айлығы жақсы» деп, келіп тұрған соң, қалаға аттанып кете бардық. Қалада қай жерлермен жүргенім есімде жоқ, әйтеуір бір жерге келіп орналастық. Үлкен шұңқыр бар екен. Биіктеу жерде төрт контейнор тұр. Біз сол контейнорге жайғастық. Ертеңіне қара жұмыс басталды. Мен сияқтылар өріп жүр екен. Бәрі де мен сияқты босқындар. Бір өкініштісі құрылыс көлемі шағын ғана. Ал жұмысшылар бізге белгісіз себептермен шамадан тыс көп қабылданған. Айтпағым істейін десең жұмыс жоқ. Слонның аузын ұстауға талас. Жәй талас емес, жұмысқа талас. Жұмысқа талас дегенің өмірге талас. Бұндайды көргенің бар ма? Таласпай-ақ осылар істей салсыншы деп, қоя салсаң, жоғарыда шәпкілері қисайып тұрған бастықтардан қысыласың. Осылай апта өтті. Жылағым келді. Содан бұндай жұмысының шешесін тігейін дедім де, затымды жинап тайып тұрдым.
Қалада тәуір қызмет істейтін брат бар еді. Соның пәтеріне келіп жайғасып алдым. Брат та құшағын жайып күтіп алды. Соғымынан осып тұрып ет асты. Тамақ асты елу грамнан кетті. Айтпақшы пәтерге алғаш келгенімде өмірді жаңадан бастайын дедім да қыс ауасына қарамастан шашымды тықырлатып алғызғам. Елу грамды сол «жаңа өмір» үшін сілтеп отырмыз. Қиын жақтан тарығып келген бетім, тамақты ашқарақтана ұрдым. Бүйірім шықса да көзім тояр емес. Бір кезде әбжыланның екпіні басылды-ау деген шамада (іштегі елу грам бірнеше еселенген соң қоя ма) есіме қаладағы керім Ақсазан түсті. Дереу браттың телефонын алдым да нөмірлерді тере жөнелдім.
— Әлөу (жүрек тұсым сыз ете қалды)!
— Әлөу! Бұл Ақсазан ба?
— Ия! Бұл кім болды екен(алпыс алты мүшем босап қоя берді)!
— Бұ… бұл Абақ қой Абақ Сұлтан!
— Әәә Абақ! Қалайсың! Қашан келдің, қайдасың (білә, көптен бері мұндай жылы сөз естімеген құлағым жымиып ыржалақтай бастадым)?
— Осындай-осындай шаруалармен келіп қалып едім, қазір осындай жердемін. Жолығайық та?
— Давай жолығайық, қазір барамын!.. деді. Братқа мән-жайды түсіндірдім де, тысқа ата жөнелдім.
Екеуміз өзбекше нұсқада салынған кафеде отырмыз. Тапсырыс менің қалауыммен аямай кетіп жатыр. Тіпті темекім мен оттығым да су жаңа болды. Білем ғой Ақсазанның мен десе жаны қалмайтынын, сондықтан да тартынбай отырмын. Ол да мені сағынып қалған екен сүйрігім. Асты үстіме түсіп бәйек болып жатыр. Басында әліме қарамай коньяк алдырып едім. Арақтан кейін жаман болады екен. Бәрін ұмыттым. Осы дүниенің жұмағында отырғандаймын. Стөлде жаныңа не керек, бәрі тұр. Ең бастысы қасы-көзі қиылып, ақ тамағы үлбіреп, алдымда Ақсазан отыр. Қандай тамаша үйлесімділік. Бәлі ай десиш! Бір аптадан бері ашқұрсақ жүрген, жұмыссыз бейбаққа бір күн болса да мұндай күн енді қашан нәсіп етері белгісіз ғой.
Біраз әңгіме шертілді. Арасында қалыпты ритммен коньяк өтіп жатыр. Екеуміз қара-қарсы отырғанбыз. Екінші бөтелке түгесілуге жақындағанда-ау шамасы, қасына барып жайғасып алдым. Қолым еріксіз Ақсазанның иығына асыла кетті. Қалай болар екен деген ой да болған жоқ. Тағы біраздан кейін оның шашын иіскегім келіп, ақ тамағынан иіскеппін. Ақсазанға да бұл әрекетім ұнап отыр-ау, күрсіне аһ ұрды. Дәл осы мезетте даяшы кіріп келмесі бар ма. Мынадай оқиғаның үстінен түскеніне қынжыла кешірім өтінді де, кетерінде асқан түсіністікпен шамды сөндіре кетті. Оны елеген мен жоқ, тұла бойым елжіреп(іштегі коньяк пен арақ қабаттасып) оны толық құшағыма алдым. Ақсазанның да шыдамы таусылды білем, қолын маған айқара ашып құшағыма құлай кетті. Еппен топ-томпақ анарын сипай ұстағаным сол еді, Ақсазан әйелге тән құмарлықпен ыңырси бастады. Бұл маған енді тіптен берілгендігінің белгісі екенін сұңғыла тасым аңғарып, үстіндегі лыпасын сыпыра бастадым. Өзім де басқа әлемге еніп кеткем. Төсектесің сұлу болса ләззаттың жөні бөлек болатынына осы жолы да көзім жетті. Ақсазан сұлу еді ғой. Содан толық дерлік деуге келерліктей шешіндіріп тастаппын. Ол енді өзі ептеле бастады, қашанғы күтсін (әйел заты бұндай кезде еркекке қарағанда шыдамсыздық танытып қояды екен). Содан не керек тұла бойым тұңғышымды сай-сүйегім сырқырып, босаттым-ау ақыры. Бір сәтке ғана тына қалдым да, есімді шала-шарпы жиып байқасам Ақсазан да талып жатыр екен…
