Ескі архив · 02.10.2014 23:41

Ән салған бақыт

Сезімді мынау сезінбей Жүруге қалай болады? Таң атты тағы көз ілмей, Қызарып күн де жанады. Қызарды күн де ашулы, Махаббаты жоқ оның да. Ұмытты сәуле шашуды, Қанды жүрегі қолында… Бәрі де солай сөнеді, Қызарған күн боп батады. Қалады болмай керегі, Еңіреп жылап жатады. Бағалар, бізді кім байқар? Түсінер бізді қай адам? Таң атар тағы, түн қайтар Жүректі қанға бояған. Әділдік қалмай әлемде, Сезімдер қалар жауапсыз. Мұң шағып ақын өлеңге, Бақытын күтер тағатсыз. Бақыты жүрер ән салып, Басқаның бірақ бағында… Бақыттан бұндай шаршадық Айналып кетер сағымға… Шын ғашық болсаң, айтарым: Сезімдеріңе көп сенбе! Сүйгеніңе, мен байқадым, Бәрібір, жоқ боп кетсең де! Ұнатса бүгін сені адам Құшақты жалған ашасың… Ал өзім тойдым! Демалам… Максимум бауыр басасың.
Авторы:
naizagai1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту