Ескі архив · 11.11.2014 01:22

Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)

Шахматты алғаш балаларға үйрете бастағанымда Астананың мықты деген шахмат клубтарын аралап, методикаларымен таныстым. Ондағы ойым, өзім үйреткен оқушылардың обалына қалғым келмеді (дұрыс сабақ бере алмасам, кейін өзімді жеп қоймау үшін де). Содан қызығушылығы ең төмен баланы бақылауға алдым. Күнде оның сабаққа қатысымын жазып, өзім қорытып жүретінмін. Есімі Әлихан. Ол кезде 2-сыныпта оқитын. Басында мүлде ойлануға жоқ еді. Әлихан шахматтың жүрісін, шах қою, қауіп төндіру, рокировка, қорғану т.б бәрін үйренді, сауатты ойын жасай алатын дәрежеге жетті. Бірақ бір үлкен кемшілігімен 5 ай алыстым, қанша тамаша ойынағанымен мат қоюды ойлана аламайтын. Қаншама мүмкіндіктерді байқамай, ойынды соза беретін. Ал шахматтағы басты мақсат мат қою. Яғни жеңу ғана, ойынды өз пайдаңа шешу. Әлиханға мат қоюға арналған тапсырмалар берсем шешеді, бірақ өз ойынында соларды пайдалана аламайды. Осы себебінен оны шахмат жарыстарына қатыстырмадым. Бірақ кейін білдім, мұным үлкен қате екенін. Әлиханның қызығушылығы бірте-бірте бәсеңдей бастады. Бұл менің 2-курста оқитын кезім еді, балалардың психологиясын мүлде ұғынбайтын кезім. Сол тәжірибесіздігімнің кесіріен қазақтың бір баласын шахматтан алыстатып алдым. Адамның тығырықтан шығуы, аяқ асты жол табуы, бәрі өз уақытында болады екен. Ал шахматта өзіңнен мықтыны көрген сайын жеңіске құлшынысың ашылады. Жеңілістен соң қатеңмен жұмыс жасасаң, сол қатені қайталамай қайта ойнағың келеді екен.
Авторы:
aizat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту