Шыңғысхан - беларусь
Ғылымдыкі орнында тұрмайды. Қаззақтарды күтіп-күтіп шаршаған ғылым, XVII ғасырдың бірінші жартысында күдерін біржола үзіп, өз бетінше даму жолына түседі.
Алқашқы ғылыми еңбектердің көбісі — қоршаған ортаны зерттеу болатын. Әсіресе ағылшын ботаны сэр Чарльз Дарвин мен неміс ғалымыГумбольдт бұл салада үлкен табыстарға жетті. Түрлер арасындағы ұқсастықтан бірдеңе аңғарған Дарвин әуелде қаңқа сүйектердің пропорциялары арасындағы заңдылықтарды зерттемек болып, физиологиялық антропологияның негізін қалағандай болды да, амал не, кейін аңсары өсімдіктерге ауып кетіп, бұл бағыттағы еңбектері аяқсыз, кей тұстарда — қолсыз қалды.
Бұдан кейін антропология, оның ішінде — антропометрия көбіне сот-сараптамалық сипатта дамыды. Енді міне, Иса шегеленгеннен кейінгі XXI ғасырда адамзат антропометрия жүргізетін жүздеген компьютерлік криминалистикалық бағдарламалардың куәсі болып отыр. Сондай бағдарламалардың бірі — «ADA i7». Дүниежүзілік практикада өзінің дәлдігімен, антрополгиялық типтер қорының көптігімен белгілі болған беделді бағдарлама. Салыстыру қорында — 4 нәсілдің, 8 өтпелі нәсілдердің, 4 000 ұлттың және найман руының антропонометриялық параметрлері бар. Тек бір ұлттың өзінен 500 адам қамтылған! Статистикалық сараптама гамма-сейілту әдісімен жүргізіледі. Бұл бағдарлама арқылы кезінде Барак Хусейн Обаманың — Саддам Хусейннің аталасы екені де дәлелденген!
Сонымен, осы бағдарлама арқылы Шыңғысханның шығу тегін анықтап көрелік. Шыңғысханның бас сүйегінің параметрлері — оның моңғол төгрөгіндегі бейнесінен алынып отыр. Басты антропнометриялық парамтерлерді енгізіп, гамма-сейілту әдісімен қордағы антротиптермен салыстырамыз:
Шынымен де, статистикадан хабары бар адам ықтималдықтың 0,9-ғе тең болуы нені білдіретінін біледі. Бұл — абсолют қателіктерді ескергеннің өзінде 100 % дәлдік деген сөз!
Сізде «Ал тарихнамада неге ондай деректер жоқ?» деген заңсыз сұрақ туып отыр. Оның жауабы дайын. Тарихнамада кешеге дейін Қаныш Сәтбаевтың 1928 жылы қазақ тілінде «Алгебра» жазғаны да болған жоқ. Бірақ кейін табылып отыр. Тарихи факттың жаман жері — керек кезде қолда жоқ болады. Ендеше күндердің түнінде бір жерден Е сігейдің алыстағы жасыл желекті Белые Росы кінәздігімен алыс-берісте (екі мағынада да) болғаны туралы дерек табылмасына кім кепіл?
Дереккөздер: 1. Талмуд;
2. Жаңа Өсиет;
3. Інжіл;
4. Тәурат;
5. «Махабхарата» дастаны;
6. Хаммурапи патшаның қыш жазбалары;
7. ADA i7 бағдарламасының сараптама нәтижесі
