Ескі архив · 24.06.2016 11:15

Сені аямай құшақтағым келеді!

Әкетпесе мені ертіп жыр−әлем, Сенің әлі шырағың боп тұрар ем! Күнің болып, күншығыстан шығар ем, Дегеніңді екі етпей қылар ем. Ақ сүтіңді еміп сенің мына мен, Қойыныңнан шыққан шұбар жылан ем! Әуеніңе төңкерілмей, тыңдамай, Өлең жазып кеткеніме кінәлі ем! Делқұлымын, емеспін мен сірә, сау, Неткен ұят сенен кешірім сұрамау?! Ауыл жақтан үйірілген қап-қара Қошқыл бұлттар менің күнәм шығар-ау! Жарық көріп, сені алғаш танығам, Жақсы көрем, баяғыдай сағынам. Жүрмін қазір, жетім бұлбұл секілді Қалыс қалған, аласталған бағынан. Мені әкеткен ақын күннің өлеңі, Жүрегіме жырдың гүлін егеді. Бірақ та мен үйге барған кезімде, Сені аямай құшақтағым келеді! Кешірші мені!
Авторы:
555777a

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту