Ескі архив · 02.01.2011 20:34

ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР

(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған) Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады. Өзінің ырымымен футбол тарихы жайлы әдебиетке ең алғаш енген аяқдопшы Уругвайдың ұлттық құрамасының жұлдызы Адемар Ганавесии.1928 жылғы Олимпиада ойындарында өзінің барлығы командасына сәтсіздік әкеледі деп Аргентинаға қарсы ойналатын матчқа шығудан бас тартады. Өйткені қашан Аргентинамен ойнамасын, таразы басы сол жаққа ауып кететін көрінеді. Ал Амстердамда ол ойнамаған матчта не болды? Әрине, Уругвай жеңіске жетті. Енді бір мистикалық оқиға Бразилияның аңызға айналған футбол алыбы «Васко да Гамаға» қатысты. 1937 жылы «Васко да Гама» «Андараи» клубымен ойнаған ойында 12-0мен қақырата жеңеді. Бұған кәдімгідей қамыққан «Андараидың» бір жанкүйері аузы тігілген өлі құрбақаны «Көкте Тәңірінің бар екені бар болса, Васко да Гама бізге қанша гол салса, сонша жыл жеңіске жете алмасын» бейдуасымен «Васко да Гаманың» стадионына көмеді. Бұл оқиғадан хабардар болғаннан кейін клуб жетекшілері құрбақаны іздеп алаңды шұрқ-тесік етеді. Алайда нәтиже өзгере қоймайды. Тек он бір жыл өткен соң ғана аталмыш клуб чемпиондыққа қол жеткізеді. Дуаның «күші жойылуға» тура бір жыл қалғанда чемпиондық тәжін киген клубтың басшысы болса, «Тәңірі бір жыл жазамызды кешірді» деген көрінеді. Келелім 1953-ке. Оқиға тағы Бразилияда. Алайда бұл жолы Фламенго 9 жыл чемпиондыққа зар болады. Бұған қатты дағдарған жанкүйері Педер Гоес жаратушы бізге оң көзімен қарасын десеңдер шіркеуге барып, тәспих тартыңдар деп кеңес береді. Осыдан соң-ақ Фламенго үш жыл қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізеді де, төртінші жылы қайтадан уыстарынан шығарып алады. Педер Гоес Фламенгода болса, Флуминенсенің де бір пірадар Педері, Peder Romualdo Папаның айрықша рұхсатымен клубтың рухани істер жөніндегі жауаптысы тағайындалады. Алғашқыда бұдан қолайсыздықтар туып, аяқдопшылар шағым айта бастағанымен, кейіннен үсті-үстіне келген жеңістен кейін олар әрбір голдан соң Педердің шапанынан сүйіп, шүкірлерін айтатын болыпты. Футбол дуасы тек Латын Америкасын ғана шайқалтты десек, өтірік болар еді. Сиқыр кәрі құрлыққа да өз дегенін жасатты. Реал 50-жылдарда стадионы мен футбл алаңын кеңейтуге шығарады да оның артынан чемпиондықтың жүзін көре алмай, арманда қалады. Бұл сәтсіздіктің себебі алаңның ортасына көмілген оқылған сарымсақ екені кейіннен ашылады. Футбол алаңының тысындағы дуа оқиғаларының көп ұшырасатын жері де Әлем чемпионаты екен. 1986 және 1990 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина командасының техникалық директоры «Тауық жесе сәтсіздікке ұшырайды» деп өз аяқдопшыларына тыйым салып, сиыр етін жеуге шешім шығарған екен. 86-да кубокты иеленеді, бірақ 90-да жеңіліске ұшырайды… Бұл тауық етінің кесірі ме, әлде Марадонаның үстіндегі дуа ма, ол жағы белгісіз… Әлем кубогында сиқыршылықты шырқау шыңына жеткізгендер, әлбетте қара құрлық командалары. Африкалықтар үшін қара магия дегеніңіз әдеттегі, күнделікті іс сияқты, ондап емес, жүздеп жасалатын көрінеді. Солардың бірі- гол соғылмасы үшін қақпаның тіреулеріне хайуан өлігін көму. Сондай-ақ, Камерунмен ойында 3-0 есебімен жеңілген Мали жеңілісінің себебін қарсылас команда жаттықтырушысы Нкононың сиқыршы болуынан деп санап, сотқа дейін барғаны көп оқиғаның бірі ғана. 2002-де медияны, әсіресе француз медиясын абдыратқан voodoo сиқыры Франция мен ескі отары Сенегалдың арасындағы матчта жасалды. Сенегалдық дуашылар федерация тарапынан Кореяға жөнелтіледі. Бір сенегалдық сиқыршы экранның алдында бір тауықтың аяғын сындырады, онан соң біраз дұғалар оқиды. Нәтижесінде матчтан бір күн бұрын Зидан сол аяғынан жараланады және Сенегал жеңіске жетеді. Сенегалдың футболда жұлдызы Түркиямен ойнағанға дейін жарқырайды. Алайда түріктердің «сүбханалласы» мен тәспихы дуадан күштірек шығып, «өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығадының» керін келтіреді. Зимбавенің «Мидландс Портлэнд Цемент» командасының жаттықтырушысы аяқдопшылары жағымсыз рухтан арылсын деп, оларды қолтырауын толы Замбези өзеніне шомылдырады. Өзенге кіргенде футболшылардың саны он жеті болса, шыққанда біреуге кемиді. Алайда өкініштісі сол, матчта да жеңіліс табады, түрікшеден сөзбе-сөз аударсақ, «матчты жоғалтады». Һәм матчты, һәм бір футболшысын жоғалтқан «Мидландс Портлэнд Цементке» бұл үлкен сабақ болған болар, мұнан соң ол ырымның қайталанғаны жайлы ақпарат тіркелмепті. Ал қолтырауынға жем болған аяқдопшы «футбол шейіті» саналар бәлки… Футболдағы мистиканы осымен доғарып, жекелеген футболшылардың ырымдарына келелік. Фенербаченің жұлдызы Роберто Карлос формасын астынан кесуді әдетке айналдырған көрінеді. Реал Мадрид пен Бразилиядан кейін өз формасының кесілгеніне Фенербахченің де әкімшілігі қазір таң қалуды қойды. Дәл осы команданың дәл сол мемлекеттен келген жұлдыздары Алекс және Дэвид алаңға шыққанда үш мәрте секірсе, Хаджидің гетрының астын кесетіні бар көрінеді. Галатасарайдың ұмытылмайтындарының бірі Хакан Шүкір капитан кезінде мәжбүрлікпен алаңға бірінші шыққанымен, былайғы кездерде ең соң шығуды қалайды екен. Джек Чарльтон киім ауыстыртын бөлмеден ең соң шығуды әдетке айналдырса, Пол Инс формасын бәрінен кеш киеді екен. Ливерпуль королі Кевин Киган секілді. Фрэнк Лэмпард алаңға оң аяқпен шығуды және шыққаннан бұрын үнемі бір музыканы тыңдауды сәттілік әкеледі деп сенеді. Манчестер Юнайтедтің беломыртқасы Рио Фердинанд киім ауыстыратын жерден алаңға шығарда табыс үшін деп үстіне бір стакан су құяды екен. Адриан Муту болса, атлетін теріс киеді. Крисс Уоддл 1983-те Нъюкаслдің премъер лигага шыққан сезонында үнемі бір ішкиіммен шыққан. Әлбетте, әр матчында жуып… Аргентина қақпашысы Гойкочеа кезінде тіпті кіші қажеттілігін футбол алаңында өтейтін болған. Бұл да ырым. Қасыластың добына тойтарыс үшін дейтін көрінеді өзі. Ал Ливерпульдік Девид Фейклаб матчтан бұрын қолдарын төрт мәрте жуса, Франция аяқдопшысы Лорен Блан Фабъен Бартездің таз басын бір рет сүйеді екен. Эйдур Гудьонсен ойын алдында дәретханаға кіріп, қарсылас қақпасына қанша гол соғуды жоспарласа, сонша рет футболкасын сүйеді екен. Біз бір істі бастарда оң аяқ немес оң қолмен бастасақ, солтүстіктегі көршіміздң аяқдопшылары сол аяқпен бастағанды қолай көреді екен. Соның жарқын дәлелі, Константин Зырянов аяқимін тек сол аяғынан бастап кисе, Игорь Семшов, сондай-ақ Егор Титов та алаңға ылғи сол аяғымен кіретін көрінеді. Роман Павлюченко алаңға кірерде баспас бұрын газонды бір рет сипап, сосын шоқынады екен. Әрбір голдан кейін неке сақинасы тұратын саусағын сүйеді. Базбір ойыншылар мен жаттықтырушылар матчқа дейін біреуге қарыз беруді және алуды жаман ырым санайды. Соның бірі Василий Березуцкий. Қақпашыға қатысты ырым дегенде ең алдымен Ринат Дасаевтың аты ауызға алынады. Ол неміс голкипер сыйлаған қолғабын ылғи қақпаға қояды, осылайша «қақпаны екі қолдап емес, төрт қолдап қорғайды-мыс». Ойын күні киім ауыстыратын бөлмеде ысқырмау аядопшаылардың жазылмаған заңы. Дмитрий Сычев пен Сергей Семак ойыннан бұрын сақал мұртын алмайды екен. Сәттілік әкелген формасы мен аяқкиімін ауыстырмай кию де аяқдопшылрдың әрбір бесіншісінде кездесетін ырым десек қателеспейміз. Сондай-ақ жаңа форма киіп шығу табыссыздық әкеледі, ол форма ең құрығанда бір мәрте жаттығуға болса да киілген болуы керек. Дәл осы ырымға қырын қарап, сан соғып қалған да бар көрінеді. «Динамо» қақпашысы Александр Шовковский матчқа жаңа қолғаппен шығып (қолғап болғанда да Sasho фирмасының қолғабы, оның аты мен сойатының басқы буындарынан құралған), қақпаға екі жауапсыз гол жіберген. Мұндай ырымдардан біздің елдің футболшылары мен бапкерлері де кемде емес. Мәселен, Қазақ футболында ерекше орын алатын бапкер Ваит Талғаев бірінші таймның арасында шешінетін бөлмеге бару үшін жасыл алаңды баспай, айналып өтеді. Белгілі жаттықтырушы бұл ырымын киелі футбол алаңына бапкер аяқ баспайды деген қағидадан алса керек. Сонымен бірге кезінде Нальчиктің «Спартагынан» «Жеңіске» ауысып келген Владимир Гуртуев әрбір гол ұрғаннан кейін, үш айналып сальто жасайтын. Астаналық жанкүйерлерді өзінің керемет өнерімен тәнті қылған шабуылшы, сальто жасамаса өзін келер жолы гол ұрмайтындай сезінеді екен. Қалай десек те, дінге топақ келгенімен психологтар футболдағы ырымдардың пайдалы екенін, аяқдопшылардың стресстен қорғанып, өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасайтындығын айтады.
Авторы:
aktobe88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту