Ескі архив · 05.01.2011 14:52

Ресей үкіметі Microsoft-тан Linux-қа көшпекші

Біздіклер де бұл батыл қадамға бара қояр ма екен? Жаңа ғана осы ақпартты көзім шалды. Путин Ресей үкіметі алдағы бес жылдағы кезеңде компьютерлік операциялық жүйелерді ауыстырмақшы екен. Бұл уақытты өтпелі кезең деп атапты. Себебі осы уақыт аралығында олар Open Source бағдарламалар арқылы өздерінің IT құрылымын дамытпақшы. Мәселен, Куба Linux негізінде өздерінің Nova деп аталатын жеке операциялық жүйелерін жасап шығарған. Сөйтіп, америкалық компания өніміне тәуелділіктен құтылған. Өткенде мен де Linux қолданып көрсем бе деп ойлап едім. Кейбір таныстарымнан байқап едім. Әзірге Linux-қа көшудің жеке өзім үшін қандай рисктері болатынын бағамдай алмадым.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту