Терминал арқылы электронды әмиянға ақша салу
Интернет арқылы сауда жасайсыз ба? Зат немесе қызмет сатып аласыз ба? Немесе осындай операцияларды жоспарлап, бірақ қалай істеріңізді білмей жүрсіз бе?
Сізге бір вариант айтайын.
Қазір саны аз болса да Quickpay деген терминал шықты. Іздесеңіз табасыз, біраз жерде бар негізі. Сол терминал арқылы Webmoney, Яндекс.Деньги әмияндарыңызға ақша салуға болады.
Бұрын көп адамдар Webmoney-ға қалай ақша саларларын білмей жүреді. Біз мысалы Букмекер кеңселері сайттарындағы ақшаларымызды Webmoney, Yandex-аударатынбыз. Ал енді терминал арқылы да салу мүмкіндігі пайда болып отыр. Бірақ Webmoney комиссиясы өте көп екен, 150 теңге тұратын 1 доллар үшін 200 теңге кетеді, яғни комиссиясы 50 теңге. Ал Яндекс.Деньги комиссиясы өте аз, Quickpay сайтында 5% делінген, осыған терминал иесінің де өз комиссиясы қосылады ау деймін. Мысалы мен 200 теңге салдым, есебіме 36 рубль түсті. Webmoney-ға қарағанда осы тиімділеу. Егер Webmoney керек болса интернетте айырбас сайттары көп, Яндекстегі ақшаңызды Webmoney-ге оңай аударып ала қоясыз, комиссиясы да аз болады.
Сұрақтарыңыз болса осында жазыңыздар.
