Ескі архив · 16.01.2011 11:27

Ескертпе баннерін орнатсаңыз

Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер: Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады. Авторлық құқық туралы ескертпелердің Creative Commons (СС) ұсынатын қызметін пайдалануыңызға болады. Creative Commons-ты пайдаланатын бір ғана блог бар-ау деймін (urimtal.wordpress.com). СС-дің баннерінде мынадай белгілер бар. Алғашқы белгі көшіргенде автордың кім екенін көрсетуді міндеттейді. Екінші белгі коммерциялық мақсаттарда пайдалануға болатындығын білдіреді. Ал соңғы белгі көшіріп жатқан материалдың өзгеріске ұшырамай жариялануын талап етеді. Мен білетін екі түрлі нұсқаны қалауыңызша пайдаланып, еңбегіңізді авторлық еңбекті оңай иемдене кететін журналистсымақтар мен газет-журналсымақ қызметкерлерінен қорғауға көмектеседі.Бірақ Интернет-ресурстар арасында бұл мәселе қиындық тудыруы мүмкін. Қожайынының кім екенін белгісіз сайттар мен, ұятсыз қожайыны бар сайттар сіздің ескертпеңізге құлақ аса бермейді. Оны надақтық дейміз бе, сауытсыздық дейміз бе, білмедім. Блогтар үшін төмендегі баннерді орнатуға болады. <img class="alignnone" src="http://pics.kz/s2/67/e4/6f/67e46f70193bfd41c5c35c8bec6c7ca9.png" alt="" width="270" height="57" />
Авторы:
Malimetter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту