Ескі архив · 19.01.2011 11:21

Жаз, дабай!

Дабайыңның жаңарса мақамдары, Есті келер юзердің мақалдары. Әлі талай жаңару бола жатар, Байғазың дайын тұрсын, шоталдарың :) Байғазың дайын тұрсын, шоталдарың, Осы болды қарқын ап, оталғаның. Мойындайтын туар-ау жарқын күндер, Ақ жолдар, Әділет, Нұр Отандарың :) Ақ жолдар, Әділет, Нұр Отандарың Қазнетке аз емес-ау қотарғаның. Уикиликс, Уикипедия не тәйірі, Жауһар, жақұт дүниенің қопар бәрін! Бастамаң жаман емес, Аршат бала, Жақсымен өткізілген әр сәт дара. Шашбауын көтерерміз бұл дабайдың Сөз түзу, өр мінезді болсақ қана!
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту