Оралмандар оңбағандар!!!
Дархан Бейсенбекұлының "Қызылбастылар еліндегі қазақтар" деген мақаласын оқып отырып, осы сөз есіме түсті. Бұл сөзді алғаш естігенде төбе шашым тік тұрып еді. Ойпырымай, қай оралман не бүлдіріпті деп?! Жалпы қазақ баласы оралман деген сөзбен таысқалы биыл тура 20 жыл болмақ. Мүмкін қателесетін де боламын. Өйткені мен әлі тумай тұрған кезде, сонау 68 жылдары ғой деймін шекара ашылып, Қытайдан біраз қазақ келген еді. Бірақ, оларды сонда оралман деп атағанына күмәнім бар. Кім біледі? Атаса, атаған шығар. Сатқын, қашқын, предатель!.. Естімегені жоқ қой… Қалай десе де, болары болып бояуы сіңіп кетті. Тарих тамырын тереңірек зерттегендер, кімнің, қалай, не үшін шет асқанын біледі. Оларда сөзім жоқ. Құранда айтылған «білгендер мен білмегендер тең ба?» деген аят есіме келеді осындайда. Жалпы, оралмандар туралы бүгінде көп айтылады. біреу жақтаса, біреу даттайды. Сондай бір пікір майданы мына жерде.
Бір еститінім, оларды білмі жағынан нашар, мәдениеті төмен деген теріс пікірлерді тудыратын адамдар да бар. жалып қай жерді алмасақта (мен оралмандардың келген мемлекетін сөз қылып отырмын), оларды сөгер алдында, бастысы тұрған жеріне назар аудару керек. Егер шалғай ауыл болса, оларға не дейсің? Ауыл тіршілігі бәрімізге белгілі емес пе?
Қазір «ультромодный» болып кеткен, той-томалақтың сәні болған "қара жорға" биін бүгінге дейін сақтап қалғанымыздың өзі осы оралмандардың арқасы. Рахмет!!!
Тіл тазалығы мен салт-дәстүрімізді ұйыған айрандай қылып сақтап, қаймағы бұзылмаған сүттей сол қалыпында өзімізге тарту еткенін кім бағалапты? Жақында "қара жорға" мен бірге «жорға аю» деген би бар дегенді естідім. Кім біледі, бәлкім биыл атажұртына көшіп келуге бел буған бір азаматымыз, осы биді де өзімен алып келетіп, тұғыры биік тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту етер…
