Ескі архив · 24.01.2011 14:44

Dabaileaks-2

Сенбі күнгі кездесуге Салтанат, Қалдықыз, Мақпал, Балжан, Мейіргүлдер бауырсақ, тәтті-пәттілерін әкеп, әдемі дастархан жасады. Шай үстінде Қарасақал, Теріскей, Қисық, Patick, Жалғас, Мырзабек бар бәріміз алдағы жоспарларымызды пысықтадық. KIMEP-тен ресми хат келді. Яғни, өткізетін орын нақты деген сөз. GSM Kazakhstan демеушілік жөніндегі ұсынысты қарастырып жатыр. Ең болмаса, кофе-брейктерді көтерер деп үміттеніп отырмын. Blackbeard сайт жұмысына кірісіп кетіпті. Teriskey сырттан келетіндерді жатақханаға орналастыру жайын сұрастырмақ Qisyq жаңадан тіркелгендердің тізімін жариялауы тиіс. Ushkin осы отырыста Блогкэмптің не екенін түсінді. Patick блогкэмпке тіркелмегендер көптеп келіп, бүлік шығаратын болса не істейміз деген сұраққа жауап іздеп көрмек. Жалғас Шымкенттен келетіндерді Алматыда орналастыруға септеспек. Balgyrgan наурыз дастарханның контентін әзірлемек. Maqpal байқаудың мәтінін әзірлеп болды. Енді жариялауы қалды. Балжан осы отырыста Блогкэмптің не екенін түсінді. Kaldykyz келесі жолы да кездесуге келемін деді. Мырзабек оператор іздемек. Идея: Блогқұрылтай клипін түсіру туралы ой келді. Әр блогшы екі ауыз сөз айтса, соларды жабыстырып, клип жасауға болады. Фонына Қисықтың жырын қоямыз. Жасайтын адам табылған жоқ. пы.сы.… қай жақтың суығы кіріп кеткенін, ішімнен біреу мың-миллион ине сұққылап жатқандай. Жөтелсем де, түшкірсем де, демалсам да дызың етеді. Суық деген осы ғой… ойларым бір-бірімен қабыспайды.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту