«Beeline»: тегін емес, техникалық ақаулар
Таныстарым таң атқалы «Beeline бүгін желі ішінде тегін сөйлестіріп жатыр екен, қанша сөйлессек те ақша кетіп жатқан жоқ» деп бір-біріне хабарласып, мәз-мәйрам болып жатты. Егер әлдебір акция болса, алдын-ала хабарланар еді, мұнда бір гәп бар-ау деген ой келді бізідң бейбақ басымызға.
Мәселенің анық-қанығын аңдамақ болып, Beeline-дағы таныс-білістерімізден сұрап көріп едік, мынадай жауап алдық.
«Ешқандай да тегін сөйлесу жоқ. Техникалық себептерге байланысты осындай жағдай орын алды. Біздің *102# дейтін қызметіміз уақытша істен шығып қалды, соның кесірінен, абоненттеріміз ақшаларын қанша тексерсе де, экрандағы баланс өзгермей тұр. Бірақ бұл Сіздің шотыңыздан ақша кетпей жатыр деген сөз емес. Сөйлескеніңізге сәйкес баланс көлемі де кеміп жатыр», – дейді Beeline тауар белгісімен қызмет көрсететін «Кар-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс менеджері Байрам Азизов.
Олай болса, «бұл неғылған батпан құйрық» деп, көзіміз жетпеген дүниеге алданып қалмайық.
