Ең фашист халық.
Өзге ұлтшыл халықтарды жамандауға жақсы осы қазақ. Байқап қарасаңдар, қазақтан асқан пәшіс халық жоқ сияқты. Мен қазақ халқын кемсіту мақсатымен, не болмаса өзім ңгамуно тайпасынан шыққан қоңыр сүйекті дәруіш болғандықтан айтып отырғаным жоқ.
Мысал!
Кеше аптауызда келе жатып, радиодан айтылып жатқан бағдарламаға еріксіз құлақ түрдім. Азиада қарсаңында қазақ спорты жайында әңгіме айтылып жатыр екен даЧ. Журналист бүгін-ертең шәйіт болғалы тұрған бір қария — аптаритеті мықты (болса керек) бір маманға (мүмкін спортшыға) былай деп сұрақ қояды: "Қысқы спорт түрлерінде қазақ ұлтты спортшылар аз, неліктен деп ойлайсыз?"
Егер анау спортшы орыстарымыз бен немістеріміз қазақша түсінсе, әрине ренжіп қалар еді. Ал, қазақтың қысқы спортта аз болуын маманнан емес, сол қазақтың өзінен сұрау керектігін журналист түсінбейтін секілді. Шеттерінен, ұлтжанды, ұлтшыл, пәщістер, ептіуаймайыт.
Солай деп, ышқырының резеңкісін шайнап отырған журналист, сұхбат соңында былай деді. Онысы енді мені түпкілікті нокаутқа түсіріп, талдырып тастады:
— Сөз соңында спортшыларымызға, жалпы қазағы бар, орысы бар, соларға Азиада ойындарында тілегіңізді айта кетсеңіз?
Бұл жерде, Қазақстан атынан өнер көрсететін кәріс, неміс, грек, украин секілді диаспоралардың аты аталмай, назардан тасақ қалғанын айта кеткім келеді.
Пәшизм ба? Пәшизм!
