Ескі архив · 30.01.2011 12:06

Жақсы жаңалықтар.

Кешеден бері спорт тақырыбында жақсы жаңалықтар оқып мәз болып жүрмін. Біріншісі биылғы жылғы футзалдан болатын УЕФА кубогінің төрттік финалы Алматыда болатындығы!!! Екіншісі бүгін азанда оқып біліп отырмын, келер жылғы допты хоккейден (бенди) Әлемдік доданың да қожайыны біздің ел, яғни Алматы қаласында өтетіндігі :) Өйстіп, өйстіп елімізде Әлемдік деңгейдегі жарыстар өте берсе, қазақтардың да "Ұлттық спортының" жағырапиясы кеңейе түсер еді деген үлкен үміттемін.
Авторы:
saken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту