Ескі архив · 31.01.2011 15:20

Референдум болмайтын шығар

Конституциялық кеңестің Атазаңға 2012 жылғы сайлауды референдуммен алмастыру туралы өзгеріс енгізуді көздейтін ұсыныстары конституцияға томпақ келеді деп ұйғаруы парламенттің тарауына әкеліп соғуы ықтимал деп жатыр саяси эксперттер. Жұма күнгі халыққа жолдауында Елбасы «жемқорлықтың сойылын соғушылар» (лоббисты коррупции) осындағы сіздердің араларыңызда да бар дегенін тікелей таратылымда есіттік. Ақыр соңы неге ұласар екен? Жалпыұлттық сипат пен идеяға айнала жаздаған кампанияға ұйысқан, ұйыcтырылған бес миллион қол керексіз қап қалайын деп тұр. Орт.сайлау комиссиясы үш айға жеткізер-жеткізбес қол қойылған парақшаларды жоямыз деген пәрмен білдірді. Кейбіреулер, керісінше, ол саяси һәм тарихи құжат, келер ұрпаққа мирасталсын деген ниет білдірісті. Шытырмандар өңкөй. Кейбіреулер ауқымды осынау кампанияны банк термині саналатын «лизинг» ұғымымен ұштастырыпты. Ұштасар сипаты да жоқ емес сияқты, бақсақ…
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту