Ескі архив · 01.02.2011 13:37

Айна және фэн-шуй!

Айна — кез келген үйде қолданатын мүлік. Қарапайым қажеттілігінен басқа, бүгінгі таңда үйге, кеңселерге, демалыс орындарына көрік беру мақсатында да пайдаланып жатады. Алайда, айнаның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы бар екенін көпшілік біле бермейді. Ежелгі Қытай ғылымы «Фэн –шуй» қоршаған заттардың айналаға әсері жайлы қажетті кеңестерін ұсынады. Мәселен, кіре беріс дәліз. Фэн шуй заңдылығы бойынша айна кіре беріс есікке қарама-қарсы орналаспағаны жөн. Наным бойынша, есіктен кірген кіріс айнаға шағылысып, шығып кетеді-мыс… Сонымен қатар,үй иелерінде түрлі жағдайларда кедергілер туындап, жүйке жүйесінің тез шаршауына әкеп соғуы ықтимал. Жатын бөлмеде айнаның мүлдем болмағаны жақсы. Болған күннің өзінде, кісі ұйықтайтын төсек көрінбегені абзал. Өйткені, мұның арты үйде немесе ерлі-зайыптылар арасында дау-жанжал шығуына және адам ағзасы ауруға шалдығуына әсер етуі мүмкін. Қазіргі заманауи жиһаздарда төсектің бас жақтаулары айнамен көркемделіп жатады.Ол да дұрыс емес. Төсек сатып алатын болсаңыз (әсіресе ерлі-зайыптыларға қатысты), міндетті түрде соған көңіл аударыңыз. Ас үйде айнаны үстелге қарама қарсы қабырғаға ілген жөн. Дастархандағы дәміңіздің бәрі айнадан көрінсе, ырыс молаяды деген фэн-шуйда наным бар екен. Қонақ бөлмеде айнаның болғаны құпталады. Әсіресе, сырт жақтан әсем табиғат шағылысып тұрса, тигзер пайдасы мол. Алайда, егер айнаға сырттағы қоқыс жәшігі т.б. қарама-қарсы шағылысса, жаман энергияны үйге тартуы мүмкін деген сенімге де құлақ түріңіз. Үйіңіздің төбесін, не еденін айнадан жасалған жылтыр тақтайшалармен /плитка/ көркемдегенді де фэн-шуй қолдамайтын көрінеді. Өйткені, бөлшек айнадан адамның өз бейнесін терісінен, не бөлшектеп көру кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бұндай безендіруді өз басым көбінде кафе, мейрамханалардан байқаймын. Егер ақшаңыздың санын арттырғыңыз келсе де, тигізер көмегі бар екен. Мысалы, айнаның алдына бірнеше кесек қағаз ақшаларын шашып қойсаңыз, табыс көзі молаяды. Жадыңызда жүрсін: • Кіре беріс есікке айнаны қарама қарсы ілмеген жөн. • Айнадан бейнеңіздің толық көрінгені дұрыс • Жатын бөлмедегі төсекке қарсы айна ілмеңіз. • Айнадан тек жағымды дүниелердің көрінгені абзал • Үйде сынық немесе шынысы тозған айнаны пайдаланбауға тырысыңыз. Мәліметтерді http://www.dong.ru/ -дан қазақ тіліне аудардым. Мақала сілтемесі: http://vkototy.wordpress.com/2011/01/27/%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d1%84%d1%8d%d0%bd-%d1%88%d1%83%d0%b9/
Авторы:
TOTY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту