Ескі архив · 02.02.2011 17:50

Қазақ телевидениесіндегі шоу бағдарламалардағы "жұлдыздар".

Бағдарламалар дейтіндей соншалықты көп емес өздері… «Шіркін лайфты» біраз жерде талқыладық қой, бұл жолы секіріп кетейік. «Кеш қалмаңыз»-түсінбейтінім неден кеш қалмауымыз керек?! Жүргізушілері Айгүл Иманбаева мен Айқын (пах-пах).Екеуінде де жүргізушілікке икем жоқ. Айгүлдің сырттай журналистика оқып жатқанынан хабарым бар(мүмкін дипломында алған болар). Бір сұхбатында "Қазақ журналист қыздарының бұты талтақ, тісі қисық болғанына мен кіналы емеспін" депті, «Соңғы кезде ТД көп көрініп кеттіңіз»деген тілшіге. Айгүлді сұлулығымен он орап алатын журналист қыздар бар бізде. Телевизия саласына қазіргі таңда қатты талап қойылып жатқан жоқ шындығында.Сақау адамдарда жүргізе беретін болды ғой жаңалықтарды немесе арнайы бір бағдарламаны.Айгүл дайын бағдарламаны оқып бергеніне қарап әжептеуір журналистпін дейтін болар.Бірақ журналисттік талдау, зерттеу жасай алмаса несіне журналист.Дикторларды журналисттердің мойындамайтыны осындай әрекеттерден кейін туып жатады негізінде. Динара Қырықбаева-Арман Дүйсеновпен туыстық қатысы болған соң көп бағдарламалардан көрініп жатады. Жалпы Арман жайлы да айтып кетуімізге болады.Түрлі жобаларды жүзеге асыруға тырысып жүрген бұл жігіттің Валдис Пельшке еліктейтінін көп жұрт айтып қалып жүр. Мәдина, иә «Таң қалмаңыздағы», Азиаданың ашылуында кәментші болған Мәдина жайлы да көп талқыладық. Әнін айтып жүре беруі керек еді.«Жұлдызды түнде» мен «Сарбаздар» әні оны халыққа танытқан еді кезінде. сол бағытынан танбауы керек еді амал не… «Екі жұлдыздың» жүргізушілері жайлы сөз қозғаудың өзі артық.Оның жанында «Айгөлектің» жүргізушілері кәнігі, қалыптасқан жүргізушілер тәрізді. «Жетінші» арнадағы «Жар-жар».Жүргізушісі Данагүл Темірсұлтанова. Тамаша арқылы танылған бұл актриса бағдарламаны сөзсіз жақсы жүргізеді менің ойымша әрине. Нұрлан Еспан-Қазақстанның мәдениет қайраткері екен. Осы атағын жүрген жерінде қыстырып отырады.Жан жолдасы Жанатбекте жүргізушілікке тән қаситтер байқалады, ал Нұрлан… Тым әсіре мақтаншақтау тәрізді. «Еларнадағы» «Бәрі есімде» бағдарламасы.Жүргізушілер Жазира мен Жанболат. Бұларда әңгімелесіп отырған адамын жетелеп әкете алмайды.Қағаздарына көп жүгінетін тәрізді.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту