Ескі архив · 04.02.2011 17:16

Деген екен

“Радионың болашағы жоқ” Лорд Кевин — Шотланд физигі “Жаңадан шығатын еш нәрсе жоқ. Мүмкін боған барлық заттар шықты” Чарлз Г. Дюэль — Американ патент беру орталығының басшысы — 1899ж “Жылқылар әрқашан қолданылатын болады. Автомобиль уақытша мода ғана.” Генри Форд кредит сұрап келген кезде банк қызметшісінің айтқан сөздері -1903ж “Ұшақ жақсы ойыншық. Бірақ ешқандай әскери құны жоқ.” Маршал Фердинанд Фош, I.Дүниежүзілік кезіндегі француз қолбасшысы — 1911ж “Актерлардың дауыстарын кім естігісі келеді дейсің?” Гарри M. Уорнер (Кино индустриясындағы танымал ағайынды Уорнерлардың бірі). Дауысты фильмдер жаңадан шыққан кезде айтқан сөзі -1927ж “Теледидиар әрі кеткенде 6 айдан кейін нарықтан шығады. Адамдар күн сайын кешкі уақыттарын осыған қарап өткізеді деймісіз?.. Іш пысады ғой бұдан” Twenty Century Fox компаниясының басшысы — 1944ж “Болашақта компьютерлердің салмағы 1,5 тонна ғана болуы мүмкін” Popular Mechanics журналы — 1949ж “Саундтары түк ұнамады, сондай-ақ гитар топтарының да модасы өтті” Decca Record фирмасының бастығы. Битлз туралы — 1962ж “Адамдардың компьютерді үйде қолданулары үшін ешқандай себеп таба алмай отымын” Кеннет Ольсен, Digital Equipment Corp (компьютер фирмасы) басшысы — 1977ж
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту