Ескі архив · 06.02.2011 14:41

Dabaileaks-4

Кешегі отырысымыздың есебін ұсынамын. Жаннаға жапониялық фотокамерасын сынап көруге рұқсат бергеніне рахмет. Бұйыртса, ертең Астанада болмақпын. Кешкі сағат 19.00-ге дейін әзірге еш жоспарым жоқ. Сондықтан, астаналық таныстарымның мазасын алып, жұмыстарына да барып қалуым мүмкін. Кешкі сағат 19.00-де Астана қаласындағы AsiaPark сауда орталығының 2-қабатында кездесейік. Астаналық блогшылармен, дабайшылармен танысайық! пы.сы. Астаналықтар, келеміз не келмейміз деп бір әу деп қойыңыздаршы… Алматылық блогшылар үлкен сәлемдерін жолдап жатыр.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту