Ескі архив · 07.02.2011 13:39

Есімің кім?

Кемені қалай атасаң, солай жүзеді. Адамға берілген есімнің оның алдағы тағдырын бағдарлауда өзіндік үлесі бар көрінеді. Ат қою — ата-анаға, дүниеге келген перзенттің туған-туыстарына зор жауапкершілік жүктейді. Ал, қазір осынау жауапкершілікті қаншалықты абыройлы атқара алып жүрміз? АХАЖ бөлімі қызметкерлерінің сараптамасына сүйенсек, бүгінде діни сипатта қойылатын есімдер көбейіпті. Құп! Бұған дау жоқ! Ал баласына кез-келген бір сериалдағы кейіпкердің атын ойланбай-ақ бере салатын ата-ананы түсінбеймін. Даниэла, Шехризат, Соледат, Симона, Милена… ех, толып жатыр. Ат қоюда бірізділік белең алған. Мәселен, ұлым барып жүрген балабақша тобында үш Диас, төрт Аружан, екі Аида, екі Мұхаммед бар. Қазақ өзгелермен салыстырғанда есімге бай халық. Орыстардың есімін Иваннан бастап Брониславқа дейін сыдыртып санаулы сәтте бір деммен -ақ санап шығуға болатын шығар, ал біздер бұл жағынан жан-жақтылығымызбен ерекшеленеміз. Тек соны игілікке жарата алмай жүргеніміз өкінішті. Бір адамың аты-жөніне қарап, оның қай ұлттан екенін бағамдауға болады. Зурап десе, оның грузин екенін, Айастан болса, армян екенін түсінеміз. Ертең қазақты есіміне қарап тану мүмкін болмайтын сынды.
Авторы:
alisha

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту