Менің қылмысым...
Пенде болғаннан кейін күнәні де сауапты істі де жасап жатамыз. Саналы түрде қылмыс жасап көрдіңіз бе?
Мен жасадым.10 класс(Балқаш қаласы) оқып жүрген кезіміз. Кластасым Алмас (марқұм болып кетті, жаны жәннәтта болсын!)келді түс мезгілінде.Әкесі жоқ, шешесі ішкіліккке салынған бала еді, футбол десе жанын беретін. "Қарындасым әліппемен қоштасқалы жатыр, соған ақша керек,2-3 мың бар ма?«деді, менде ондай ақша қайдан болсын.Өзім ағамның қолында тұрып оқып жатырмын.
-Кеше балалар гараж жақтан, алюмин мен мыс шығарыпты, сол жаққа барайық-деді сәл отырған соң.
Балқаштың шет жағында бұзылған, иесіз гараждар бартын.Бір тесіктен кірсең 5-6 гаражға бірақ өтесің. Келістім.Бардық.аралап жүрміз.Қолымызға іліккен керек-ау деген заттарды алдық.Бір кезде көзіміз „Победа“ машинасына түсті.
Ашық-шашық жатыр.Артында „каробка передачи“ жатыр екен, соны екеулеп алып шыға бергенімізде менттер сау ете қалсын.Қашып үлгермедік.қолымызға кісен салып ҚІІБ алып келді. Саусағымызды майлап, белгілерін түсіріп алды.Мойындарың біраз гаражды ілеміз деп қояды.Видеоға түсірді.Мектептеріңе жібереміз дейді.Үлкен дәрет пен кіші дәрет қатар кетіп қала жаздады. Очм не керек сол жақта жездем бартын.Майор, жүргізуші куәлігін беретін жердің бастығы соның фамилиясын айттым.Аналар оған хабарласып, ақыры аман-есен ештеңеге ұрынбай қалдық қой.
ПыСы: Алмас ақыры осындай ит тірліктің кесірінен қайтыс болды.Мен әскерде болған жылдары, приозерск қаласының маңындағы иесіз қалған қоймалардан мыс жинап, сымды ерітіп отырғанда топырақ астында жатқан снаряд жарылып кеткен.Қасындағы бір бала мүгедек болып қалған екен.
