Ескі архив · 08.02.2011 17:08

Әй, жігіттер...

Біздер, яғни әйелзаты қонағымыздың алдында қысылып қалмауымыз үшін дастарханның мол, әсем болғандығын қалаймыз. Ал, еркектер… олар үшін қонақ шақыру — темекі тұтатқанмен бірдей. Бір күні атам енеме: — Құдағайларды қонақтап жіберейік, ертең қойды өрістен алып қаламын, -деп еді енем ыршып түсті: — Әй, жалақы түссін, саған бәрі оп-оңай екен! — Бір қазан бауырсағыңды пісір, қойыңды ертең сойып беремін, басқа не керек.Өзіміз ғой, сынаушы ешкім жоқ!.. Қайсыбірін айтайын, мұндай мысалдар жетіп артылады. Біздің үйдегі отағасы да дәл солай. Кешкі тамаққа сау еткізіп бір топ адамды әкеле салады ғой қиналмастан. Алдын ала ескертпегеніне ренжісем, жауабы дап-дайын: "Өзіміздің ішетінімізді ішеді!". Айтты, бітті. Әрине, күліп берген қара судың құнарын ұғатын қазақпыз ғой. Иә, деймін -ау… Екі адамға шақтап пісірген ыссы тағамыңды он адамның ортасына қойған соң күлмегенде қайтесің?! Әй, жігіттер!!! Сендердің бұл істерің жолдастарыңа багы кеуіп тұрған көлікті айдауға бергенмен тең… жанар-жағар май құю бекеті 2 шақырым қашықтықта болса, онда… онда кешкі асқа жылытпа "ұсынғалы" отырған жұбайыңа «жеті жігіт салынған» тосын сый қорабын ұсынғанмен бірдей;) бәрібір ұнайсыңдар) Тек осы бір нәрсе ойларыңда жүрсе жаман болмайды! Сурет: pavlenmaison
Авторы:
alisha

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту