Ескі архив · 09.02.2011 14:17

Ең танымал декорация

Қазақстанның ең танымал кино декорациясын білесіңдер ма? Менің ойымша, бұл алғаш рет "Көшпенділерде" пайдаланылған Түркістан қаласының декорациясы: Екінші рет Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор. Мел судьбы" фильмінде қолданылды: Содан кейін бұл декорацияны "Мұстафа Шоқай" фильмінен де байқадық. Декорация Қоқан қаласының «рөлінде» ойнады: Жақында шыққан, Жәмила Серкебаева мен Тұран тобы бірігіп түсірген "Қанекей тілім сөйлеші" клипінде де бұл жұлдыз болып үлгерген декорация көзімізге оттай басылды: Ендеше, оның фильмографиясында басқа да туындылар бар екеніне сенімдімін. Тек тарихи киноларды қарағанда мұқият мән беру қажет. Мүмкін, тағы бір жерден жарқ етіп қалар :)
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту