Ескі архив · 09.02.2011 10:17

Тринидадтан футболшы келді!

Біздің чемпионатта алғаш рет Тринидад пен Тобаго елінің футболшысы ойнайтын болады. 20 жасар Роберт Примус (мүмкін Праймус) «Ақтөбе» сапына қосылды. Бұл футболшыға қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбенің» бас бапкері Мухановтың көңілі толған екен. Примустың бізге өткені туралы Тринидадтықтар да растап отыр. Trinidad Express газеті «Примус Қазақстанға барады» деген мақала жазыпты. Жас футболшы 3 рет ұлттық құрама формасын киген.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту