Ескі архив · 10.02.2011 01:17

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Қош келіпсің, оқырман! Сайттағы контенттің алуандығына үлес қосу мақсатында осы қауымдастықты ашып отырмын. Бұйырса, осы жерді енді хип-хоп туралы мәліметтермен толықтырып тұратын боламын, жалқаулығым ұстап қалмаса :) Хип-хоп дегеніміз рэп қана емес екенін бірден айта кетейін. Оның ішіне граффити, брейкданс, эмсилік, диджейлік сияқты төрт элемент кіреді. Битбоксты да хип-хоптың бесінші элементіне жатқызып жүр. Негізсіз де емес, негізі :) Көп сөзді қайтемін — опшым, блог осылар туралы болмақ :) Блогтағы алғашқы жазбаны Жақаудың жақында шыққан «Соңғы таңдау» клипінен бастайын: ҚАЗАҚША ГАНГСТА РЭП! Жақау — Соңғы таңдау (2010) Боевик фильмдердің саундтрегіне сұранып-ақ тұрған ән сияқты. Видео туралы біраз мәлімет: Продюсер: Ибраев Парасат Қоюшы: Сейітқалиев Бағдат Актерлер: "Құлсары" КВН командасы Клип 2011 жылы Орал қаласында түсірілген екен :)
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту